ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Қысқы мал азығы дайындалып жатыр

20:27, 13 қыркүйек 2021

Қысқы мал азығын дайындауға 5,3 млрд теңге қажет. Бүгінде оның 2,1 млрды бөлінді. Оған 21,6 мың тонна шөп пен 4,9 мың тонна жем алу жоспарланған. Қазіргі кезде операторлар анықталып, аудандарда мал азығын сақтайтын база жасақталып жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың айтуынша, бұл қайтарылатын қаржы. Бір келі шөптің бағасы 74 теңге, ал жемнің 1 келісі 102 теңгеден беріледі. Қазіргі кезде 41 мың тонна шөп жиналған. Алдағы уақытта өзге облыстардан 25 мың тонна әкелініп, жергілікті жерден 10 мың тонна шөп шабылады. "Кендірлі-Қаясан" мемлекеттік қорығында қазір 4 бригада мал азығын шауып жатыр. Ал қыстан төрт түлікті аман-есен алып шығу үшін қажет 53 мың тонна жемнің 45 пайызы жиналған.

Ғалымжан Ниязов - облыс әкімінің орынбасары
"За технический норматив" деген бар. За технический нормативке шартты мал басы деген бар. Шартты мал басы деген 10 қойды 1ірі қара деп есептейді немесе 10 ешкіні ірі қара деп есептейді. Сонлықтан біз шартты мал басымен санаған кезде бізге қыстан шығып кету үшін 77 мың тонна шөп керек. Бірақ бізд жыл 12 ай далада жайылады мал деген. Бұрын мұндай нормативті қолданып көрген жоқпыз. Кейінгі жылдары. Себебі, мұндай қууаңшылық болған жоқ. Елдің малы далада жүреді. Енді мемлекет қолдан келгенше бар көмегін жасайды.  Қазіргі уақытта біз жем мен шөпті әкеліпп, қыстық азықты әрауданның базасына үйіп қою.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...