ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Қыстың қамы қазірден

19:19, 30 сәуір 2021

Жаңаөзенде жылыту маусымына дайындық қазірден басталды. Қала тұрғындары жертөледегі құбырларын ауыстырып, қыстың қамын жазда ойлап жатыр. Шұғыла шағын ауданы, №51 үйінің тұрғындары да бұл шарадан қалыс қалмай, іске кірісіп кетті. Қандай жағдайда жылу сапасы артпақ? Бұл туралы тілшіміз баяндап берсін.

Көп қабатты бір үйдің тұрғындары қажетті материалдарды өз қаражаттарына сатып алып, коммуналды мекеменің мамандары арқылы подъезд жертөлесіне күрделі жөндеу жүргізіп жатыр. Мұнда диаметрі 40 см, ал ұзындығы 150 метрлік пластик құбырлар қойылған. Қазір соңғы жұмыстары қалып тұр. Жылыту маусымында жаңа құбырлар іске қосылса, жылу сапасы бұрынғыдан айтарлықтай жақсармақ. Енді ескі құбырдан су кетіп, жылудың қайта-қайта тоқтатылуы көрген түстей артта қалады деген сенімде тұрғындар.  

Бермағамбет Сейілхан - Шұғыла ш/а №51-үйінің тұрғыны

«Көршілерге рахмет. Осы бастаманы қолға алып, бірігіп қаражат жинап, ауызбіршілікпен құбырларды ауыстырып жатырмыз. Бұрын қысымен порыв болатын еді, ендіболмайды деп ойлаймыз. Барлық жұмыс бітіп тұр, задвижкаларын бекітсе болды енді»

 Зияда Омарова - №12 «Сенім» ЖПИК-нің маманы

«Жертөле таза, дезинфекция айына жасап тұрмыз. Рахмет айтамыз тұрғындарға. Басқа тұрғындарға осылай ат салысса  бізге де жақсы болар еді. 2011-2022 жылдағы жылыту маусымында барлығы ауыстырылған болса, бізге де ыңғайлы, «Өзенжылуға» да зияны тимейді. Подвалда су кетпейді, таза тұрады»

2021-2022 жылдың жылыту маусымына дайындық шаралары бірнеше бағыттан тұрады. Біріншісі, «Өзенжылу» мекемесі ұйымдастырып жатқан орталық жылу қазандығындағы жөндеу жұмыстары. Екіншісі, негізгі бөлігі «Көктем», «Өркен» шағын аудандарында жүріп жатқан сыртқы магистралдық жылу құбырларындағы диаметрді үлкейтіп, шеткі үйлерге жылу мөлшерін жақсы жеткізу үшін жасалып жатыр. Үшінші бағыт көппәтерлі тұрғын-үйлердің жертөлесіндегі құбырларды жаңалау бойынша жүзеге асуда.

Берік Ізғалиев - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары

«Қазір біз Шұғыла ш/а, №51 үйіне келіп тұрмыз. Тұрғындар өз есебінен қаражат жинап, жертөледегі ескірген құбырларын жаңа пластик құбырларға ауыстырып жатыр. Осы бастаманы басқа да тұрғындар жалғастырса дейміз. Себебі, бізде негізінен жертөле құбырлары ауыстырылмаған шағын аудандар - Шаңырақ және Шұғыла. Ал Көктем және Өркен шағын аудандарының басым көпшілігі ауыстырды. Алдағы 4-5 айда тұрғындарды жұмылдыра отырып осы шараны атқарсақ, келесі жылыту маусымына жақсы дайындықпен баратын боламыз»

Қалада 262 көппәтерлі тұрғын-үй болса, 800-ге тарта подъезд бар. Былтырғы жылыту маусымында тұрғындардың есебінен осы үйлердің 4/3-де құбырлар ауыстырылды. Олардың жинаған қаражатына жасалу себебі көппәтерлі тұрғын-үй, оның жертөлесі, жертөлесіндегі инженерлік желілер тұрғын-үй қатынастар заңына сәйкес, сол үйдегі пәтер иелерінің ортақ мүлкі болып табылады. Бұл жұмыстарды әкімдік немесе коммуналдық мекеме тікелей қаржыландырмайды. Биыл түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жаңартылған құбырлар өз деңгейінде қызмет атқарып, жылу сапасы артқан. Сонымен қатар, құбырлар ауыстырылса, апатты жағдайлар азаятыны анық. Ендігі мақсат - қалған үйлердің тұрғындары түсіністік танытып, дайындыққа кіріссе дейді жауаптылар. Әсіресе, Шаңырақ, Шұғыла шағын ауданының жұртшылығы осы қатарға тезірек қосылғаны абзал.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...