ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Қыстың қамын жазда ойла

19:15, 4 мамыр 2021

Жаңаөзен қаласындағы "Шаңырақ" шағын ауданы №3 үйдің жылу және ыстық су құбырлары көптен бері жөндеу көрмеген. Бұл жұмыстар бұдан былай қалай жүргізілмек, мүлік меншік иелерінің бірлестігі дегеніміз не? Қалалық әкімдік өкілдері мен «Өзенжылу» мекемесінің мамандары осы мәселелерге орай, тұрғындармен жиын өткізді. Көпшілік көкейтесті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

        Бұл подъездің жертөлесіндегі жылу және ыстық су құбырларына көп жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қыс мезгілінде ақаулы жағдайлар және пәтер ішінде апатты жайттар жиі орын алады екен. Қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес, көпқабатты үйлер тұрғындардың ортақ мүлігі болып табылатынын хабарлады. Сондай-ақ жиында мүлік меншік иелерінің бірлестігі жайлы жалпы түсінік берілді.

Сүйіндік Мұхаммедов - қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Жасалған құжаттама бар. Проекттіде соның ішінде сіздердің үйлеріңіз бар. Сондықтан азаматтар сізге беріліп тұрған қаражатты пайдаланып, мүлік меншік иесі бірлестікке өтіп, оған дейін мына жертөледегі құбырлар ауыстырылуы керек. Қала бойынша ауыстырылып жатыр.

            Заң шеңберінде ескірген су құбырларын тұрғындар өз есебінен ауыстыруы қажет. Алайда, жаңалау және жөндеу жұмыстары жертөледегі инженерлік желілерге сантехникалық қызмет көрсететін мекеме өкілдерінің бақылауымен жасалуы керек. Басқосуда жиналғандарға құбырлар сызбасы мен қажетті материалдардың мәліметі түгелдей көрсетілді.

Нұрсұлтан Болатов - қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің бас маманы

            Өздеріңіздің мүліктеріңіз болғандықтан, модернизация есебінен жобалық сметалық құжаттамаға үкімет өз қаражат есебінен жасап береді. Қанша қаражат кетеді, қанша ремонт керек. Соның барлығына экспертиза өткізіп береді. Бірақ ол жерде құрылыс жұмыстарына үкімет оған ақша бөлмейді. Бөлген жағдайда да сіздердің келісімдеріңізбен кредиттік есебінде 10 жылға бөліп береді.

            Тұрғындар арасында мүлік меншік иелерінің бірлестігін құруға наразы болғандар да табылды. Олардың пікірінше, аталған жұмыстарға қаржыны мемлекет бөлуі тиіс. Себебі, Үкіметке салық төлеп отырған, онымен қоса коммуналды шығындарды ай сайын өтеп тұрған халық, жертөле құбырларының шығынын көтеруге құлықсыз.

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар