
Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналына тұрғынның жолдаған өтінішіне жауап берген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.