ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Маңғыстау - жол сапасы бойынша елімізде көш басында

19:02, 4 маусым 2021

Үкіметтің селекторлық отырысында Маңғыстау облысындағы жолдардың республикада алдыңғы қатарда екені айтылды.Үкіметтік жиынында облыстағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының қанағаттанрарлық жағдайы 94% құрайтынын айтты.

Облыс әкімі Серікбай Трұмов биыл өңірде 245 шақырым жолда жаңарту және жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін айтты.  Олардың қатарында 28,4 шақырымды қамтитын «Ақтау - Форт-Шевченко» және «Хонда» орталығынан Өмірзақ ауылына дейінгі жол бар. Сонымен қатар 64 шақырымдық «Жетібай-Құрық» автомобиль жолын жөндеу жұмыстары да басталды. Жоба 2022 жылы аяқталмақ. Бүгінде өңір туризмін дамытуға зор көңіл бөлініп инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да қарқын алған.  Осы орайда, «МАЭК» су жинау каналынан «Құрық» паром кешеніне дейінгі автомобиль жолын жаңарту жобасын іске асыру 5 кезеңге бөлінген. Оның 4-і іске асты. Туристік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде  «Таушық-Шетпе», «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль автожолдарын  жаңарту да жоспарда тұр. Ал 164 шақырымды құрайтын «Жаңаөзен - Кендірлі - Түрікменстан шекарасы» автомобиль жолына 2025 жылға дейін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. 

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...