ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Маңғыстауда 10 ауылдың әкімі сайланады

20:15, 22 шілде 2021

Маңғыстау облысында 10 ауылға жаңа әкім сайланады. Соның бірі Ақшұқыр аулына басшы болады. Қазір мұнда әкім болуға үмітті 4 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ал, жолдың азабын тартып, электр жарығы мен суға жарымай отырған тұрғындар әкімді өздері таңдауға дайын.

 Бисенгүл Қызбекова  - Ақшұқыр ауылының тұрғыны

/Біздің аулымызда су тапшы. Аптасына 1 рет 2 рет келеді. Қазіргі кезде аптасына 1ақ рет келіп тұр. Келешек әкімнен біз сұрайтынымыз ең негізгі осы судың тапшылығын, су мәселесін бізге шешіп берсе екен деп ойлаймыз. /

Ринат Нұржан - Ақшұқыр ауылының тұрғыны

/Мен осы ауылдың белсенді жасы, белсенді тұрғыны  ретінде 25-шілде күні сайлауға барып, өз даусымды беремін. Әкімдерді өзіміз сайлаймыз ең қуанышты жаңалық осы. Өйткені, сайлаған әкімдерімізге өз талаптарымызды айта аламыз. /

 Сайлау учаскесінің төрағасы /- сайлаушылар ара-қашықтықты сақтай отырып, кабиналарға кіріп, өзінің қалаған үміткерін белгілейді. Дауыс беріп болған сайлаушылар мына жермен далаға шығып кетеді. /

Ақшұқыр аулындағы нөмері 239-сайлау учаскесі саяси науқанға сақадай-сай отыр. Мұнда сайлаушылардың еш кедергісіз дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Әсіресе санитарлық талап басты назарда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...