ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза қатаң

19:13, 25 ақпан 2021

Мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік басқарып, жазаға тартылған. Өткен жылғы істер саны 2019 жылмен салыстырғанда 42 пайызға төмен. Құзырлылардың пайымдауынша, бұған қолданыстағы заңнаманың күшейтілуі ықпал етіп отыр. Атап айтқанда, алкогольді ішімдік ішіп, рөлге отырған адам 15 тәулікке қамалып, 7 жыл көлік жүргізе алмайды. Егер құқықбұзушылық қайталанса, 7 жылға дейін сотталуы мүмкін, ал жүргізуші куәлігінен мүлдем айырылады.

Өткен жылы қалалық сотта мас күйде көлік басқаруын қайталаған 60-тан астам айыптының ісі қаралса, оның үшеуі әйел. Олардың жасөспірім балалары барын ескерген судья 1 жыл шектеу жазасын тағайындаған. Ал, қалған жүргізушілерге 6 ай бас бостандығынан айыру шешімі шығыралыпты. ҚР ҚК 346-бабының 1 және 2-ші бөлігімен қаралған мұндай істер шектеу жазасын 6 айдан 5 жылға дейін тағайындайды.

Гүлфайруз Қойбағарова - Ақтау қалалық сотының судьясы

Олар пробацияға барып, тіркеліп тұрады. Жасөспірім балалары болғасын ескердік. Ал, биыл осы 346 бап бойынша 5 адамға қатысты іс қалып, бәріне 6 айдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өткен жылы бір ғана Ақтаудың өзінде ішімдік ішіп, рөлге отырған 73 адам жауапқа тартылған. 2019 жылы бұдан да көп - 101 еді. Осы жылы, яғни 2 айға жуық уақыт ішінде 5 жүргізуші жазаланды.

Мадияр Омаров - қалалық полиция басқармасының бастығы

Бұл дегеніміз 2020 жылы заңға енгізілген өзгерістерге көшкенін. Өз нәтижесін беріп жатыр. Мәселен, бұл заңға өзгеріс енбес бұрын жүргізушілер 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылса, заңға енгізілген өзгерістерге байланысты жүргізушілер 15 күн қамаққа алынып, 7 жылға құқығынан айырылады.

Жыл басынан бері облыста 305 жол-көлік апаты тіркелді. 453 адам зардап шегіп, 75-і қайтыс болған. Полицейлер жол қателікті көтермейтінін, көлік жүргізуші өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарауы керектігін тағы бір еске салады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...