ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Медицина қызметкерлері марапатталды

21:05, 18 маусым 2021

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Мерекелік жиында бірқатар дәрігерлер қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек Ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Егемендік алғаннан бері облыста 150-ден астам денсаулық сақтау нысаны іске қосылған. Олардың қатарында Ана мен бала, қан, кардио хирургия орталығы бар. Енді өңір тұрғындары облыс аумағында емделіп, күрделі оталарды да жасатып жүр. Мереке күні дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қатерлі індетке қарсы тұрған мамандардың табанды еңбектеріне табыс тілеген аймақ басшысы ақ халаттыларды мерекемен құттықтады.

Серікбай Трұмов - облыс әкімі

Осы айтулы күнде барлық дәрігерлеріміз бен мейірбикелерге, техникалық қызметкерлерге алғыс айтып, ризашылығымды білдіргім келеді. Адам өмірін қорғауда өз басын қатерге тігіп жүрген жандарға қандай құрмет көрсетілсе де артық етпейді.

Мереке күні адам жанының арашасы болған ақ халаттыларға ерекше құрмет көрсетілді. Сала үздіктері министр мен облыс әкімі атынан құрмет грамоталарын алды. Ал 15 жылдан бері қан орталығында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан Күләш Мұқатаева «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін тағынды.

Күләш Мұқатаева - облыстық қан орталығы директорының орынбасары

Өткен біздер үшін де ауыр өтті. Карантин кезінде донорлар аз болды. Біздің орталық сол кездерде әр қан тобы үшін бөлек -бөлек имундық плаза әзірледі. Бұл кездерде  де емханалар көмекке келді. Дәрігерлер ұжыммен  келіп қан тапсырды.

Өткен жыл денсаулық саласына көп жүк түсті. Сол сәтте адам жанына араша түскен дәрігерлер мен медицина ұжымдарының еңбегі де көп алдында құрметтелді. Облыстағы 20 медициналық мекемеге 100 000 теңгеден сертификат тапсырылды.

Нұрлан Мұханов - "Софи мед груп" МО директоры

МО ауруханасының шұғыл түрде және жоспарлы түрде жүзеге асырылатын  функциаларының көбін біз атқардық. Бұл тұрғыда нейрохирургиялық ,травмотолгиялық ,урологиялық , хирургиялық бағыттағы науқастарды біз күні -түні "софи мед груп" қызмет көрсетті. Медвикелеріміз соларға біздің 2 -уі барып провизорлық стационарды ұйымдастыруға көмектесті.

Дәрігерлер күн сайын құрметке лайық болса да бұл жолғы қошеметтің жолы бөлек. Мерекеге орай ұйымдастырылған кештің тұла бойы тұнған алғыс бен ілтипатқа толы болды. Кәсіби мерекеде құрметке бөленген ақ халаттылар мерейлері өсіп тарады.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...