ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Мектептерде мұғалім тапшылығы әлі бар

19:15, 4 мамыр 2021

Биыл облыста 5 мектептің құрылысы басталады. Өйткені қазір білім ошақтарында 12 мың орын тапшы. Ал бастауыш сыныптардағы 4 мыңға жуық оқушы үшінші ауысымда оқып жатыр. Осыған байланысты 2025 жылға дейін өңірде 30 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Оқу ордаларының тапшылығынан бөлек, мұғалімдердің де жетіспеушілігі бар. Бүгінде жүздің үстінде педагог керек. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажеттілік жоғары. Осы мәселені шешу үшін мамандар өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін мектептерге орналастыру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

Светлана Төлебаева - облыстық білім басқармасының басшысы

Математика пәнінің мұғалімі, ағылшын пәнінің мұғалім, информатика пәндерінен мұғалімдер қажет. Бұл қажеттіліктердің барлығы еңбек.кз сайтына салынып отырады, барлық ваканциялар. +

мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмы арқылы Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарынан 3 мектеп салу жоспарланды (17 ш/а - 1500 орындық, 20 ш/а - 1500 орындық, 33 ш/а - 1200 орындық). Қазіргі уақытта Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп жер учаскесін рәсімдеуге қатысты жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар