ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

"Меловой" маягі қалпына келді

19:15, 16 маусым 2021

Ақтаудағы "Меловой" маягінің жарық шамы 10 жылдан кейін жаңартылып қайта жанды. Бұл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ақтаулықтарға жасалған ерекше тарту болды. Маяк теңіздегі кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 4-шағынаудандағы көпқабатты үйді шатырында орналасқан шамшырақ теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте тұр. Мұнараның жалпы биіктігі 10 метр. Маяктың ақ және қызыл түсті шамы бар. Ақ түсі 21, қызыл түсі 16 теңіз миліне дейін жетеді. Ал маяктың тұрақты жанып тұруын әскери қызметкерлер қадағалайды.

Уәлихан Төлеев - гидрографиялық қызметінің бастығы

Маяктың құрылуынан бастап 2011 жылға дейін ВМ 930 айналмалы жарық шамы жарық шамы жұмысын атқарған болатын. Алайда оның ескіруіне байланысты заманауи ФСМ 03 диодты шамы орнатылып қазіргі уақытқа дейін жасап тұр.

Әбілқайыр Байпақов - қала әкімінің орынбасары

Бұл шараны біз ҚР Тәулсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында осы мерекеге тарту ретінде тұрғындарға жасалып отырған іс-шара. Әлемде осындай әкімшілік ғимараттарда, фанценаттарда немесе теңіз, мұхит жағалауында тұрған ғимараттарда маяк орналасқан. Бірақ Ақтау қаласындағы маяктың ерекшелігі сол - бұл тұрғын үйдің үстінде орналасқан. Сондықтан да бұл өте маңызды нәрсе деп есептеймін.

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...