ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Мемлекеттік грантқа үміткерлер екі рет ҰБТ тапсыра алады

20:23, 30 сәуір 2021

Биыл мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуінде біршама өзгерістер бар. Мемлекеттік білім грантын алуға ниеттенгендер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Талапкер жақсы нәтижесі бар сертификаттын конкурсқа ұсынады. Компьютерлік тестілеудің артықшылығы - нәтижені бірден біледі. Сонымен қатар, биыл мектеп бітіруші түлектерге мерекелік шарада аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Шара міндетті түрде мектеп қабырғасында, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілмек. Ал мектеп бітіру кештерін тойлауға рұқсат жоқ. Мектеп бітірушілердің қызығы мен шыжығы туралы Жансая Оразбай айтып береді.

Өңірде биыл мектеп бітіретін 6000-нан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдіріп отыр.  Тестілеу Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу ауданында өтеді.  ҰБТ мамырда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Талапкер ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда сол күні апелляцияға өтініш бере алады.

Светлана Төлебаева - облыстық білім басқармасының басшысы

Арнайы компьютерлік бағдарлама тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады.+ Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ҰБТ-ны өткізу рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.

Биылғы жылғы талапкерлер колледжге түсу үшін емтихан тапсырмайды. Тек, мектеп бітірушінің аттестатындағы ортақ балы мен екі бейіндік пәннен алған бағалары қаралады. Жұмысшы мамандықтарына  әңгімелесу арқылы қабылданады. Талапкерлер өз құжаттарын egov.kz арқылы колледждерге бармай-ақ тапсыра алады.

Светлана Төлебаева - облыстық білім басқармасының басшысы

Мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдаудың негізгі салалары - білім беру, медицина, өнер, қызмет көрсету, электротехника және энергетика, механика және металды өңдеу, автокөлік құралдары, құрылыс жұмыстары. + Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдануда нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. Өзгерістер қосымша хабарланатын болады.

Сондай-ақ, қазір 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Ата-аналар 1 тамызға дейін электрондық форматта өтініш, баланың туу туралы куәлігі мен медициналық паспортын, 2 фотосуретін тапсыра алады. Қазірдің өзінде 5504 баланың құжаты қабылданған. Мамандардың айтуынша мектептер міндетті тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.  Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа 20 мыңға жуық оқушы барады деп болжанып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...