
23 маусым еліміздің мемлекеттік қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай, өңірде салтанатты іс-шара өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл кәсіби мереке 2013 жылы бекітілген болатын. Осы ретте, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бірқатар мемлекет қызметкерін марапаттап, алғыс білдірді.