ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Мемлекеттік қызметшілер "Дипломмен ауылға" барады

19:07, 22 ақпан 2021

Мемлекеттік қызметшілер де "дипломмен ауылға" барады. 2020 жылы қазан айында нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Осы уақыттан бастап ауыл әкімдігіне жұмысқа орналасқан мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік қолдауға ие болады. Айта кетейік, ауылдарға барып қызмет ететін мамандардың міндетті жұмыс істеу мерзімі 3 жыл.

Айдос Қызылғұлов өткен жылдың соңында ауыл әкімдігі аппаратының бас маманы болып жұмысқа ораналсқан. Арнайы бағдарламадағы мамандықтар тізіміне мемлекеттік қызметшілердің де қосылғанына дән риза. Бұл осы қызметке қызығатын жастардың қатарын арттыра түсетініне сенімді.

Айдос Қызылғұлов - Таушық ауылы әкімі аппаратының бас маманы

Қазіргі таңда ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметке деген қызығушылық аз. Өйткені, ол жерлерде әлеуметтік пакет қарастырылмаған мемлекеттік қызметкерлер үшін. Осы мемлекеттік қызметшілерді "дипломмен ауылға" қосқанына қуаныштымын және осы жоба бойынша мемлекетке қызығушылықты арттырады және үлкен бір көмек болады деп санаймын.

Жалпы, облыста 1279 мемлекеттік қызметші бар. 260-сы ауылдық әкімдіктерде қызмет етеді. Жыл басталғалы бері ауылдардағы  әкімдіктерге 10-ға жуық маман орналасқан.

Айнұр Ертилиева - облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім басшысы

Әлеуметтік қолдау мөлшері тұрғын үй сатып алуға және салуға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесі, яғни, пайыздың мөлшерлемесі 0,01 пайызбен 15 жылға дейінгі мерзімде  1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде несие ала алады. Яғни, бұл 4 млн 375 мың теңге. Сондай-ақ,  бір жолғы көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 291 мың 700 теңге ала алады.

Жалпы «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылы басталды. Содан бері 2 мыңнан астам маңғыстаулық жеңілдетілген несие алып, 6 мыңнан астам маманға жәрдемақы төленген. Өткен біри жылдың өзінде 600-ден астам маман қолдауға ие болды. Енді олардың қатары мемлекеттік қызметкерлермен толықпақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар