ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

"Мерейлі отбасы" марапатталды

20:03, 30 шілде 2021

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттады. Олар Бегендіков және Дүйсеновтер отбасылары. Ұлттық құндылықтар мен шаңырақтың береке-бірлігін насихаттап жүрген Бегендіковтердің бұл байқаудағы алғашқы жеңісі. Алайда, байқаудан бұрын, олар талай республикалық жарыстарда топ жарып, отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүр. Музыканы жанына серік еткен отбасының шаңырақ көтергеніне биыл 18 жыл. Қазір үш бала осы шаңырақта өсіп келеді.

Ерлан Бегендіков - "Мерейлі отбасы" байқауының лауреаты
Мерейлі отбасының құпиялылығы - сыйластық пен жарастықтың белгісі. Отасқанымызға 18 жыл болған екен. Сол жылдары қуаныш пен қиындықтарды бастан өткердік. Үйде де, түзде де бір-бірімізге сүйеу, демеу болып, бірімізді - біріміз қолдап, балаларды өсірдік

Отбасылық құндылықтарын насихаттап, оның мәртебесін арттыру жолында үлгі  көрсетіп жүрген байқаудың екінші лауреаты -  ақтаулық Дүйсеновтер шаңырағы. 7 бала тәрбиелеп отырған көп балалы отбасы салауатты өмір салтын насихаттаушы. Отағасы Әлібек спорттық-мәдени және қайырымдылық шаралардың ұйымдастырушысы, ал, анасы Жаннат Нарынова фитнес және йога жаттықтырушысы. 2018 жылдан бері республикалық көңілді тапқыштар алаңында өнер көрсетіп келеді.

Әлібек Дүйсен - "Мерейлі отбасы" байқауының лауреаты
Отбасылық құндылықты дәріптеу, көп балалы отбасылардың бақытты екенін көрсету. Өйткені қазір қоғамда мынадай пікір бар. Яғни, көп балалы отбасылардың жағдайы жоқ деген сияқты. Олай емес, әр баланың  өз несвібесі бар. Қоғамда да осындай бақытты отбасылардың бар екенін көрсету.

Елбасының бастамасымен жүзеге асқан бұл ұлттық байқау жарасымды жұптар мен береке-бірлігі бекіген отбасыларын насихаттауда маңызы орасан. Байқау - аудандық, қалалық, облыстық деңгейде өткізілді. Оған өңірден 14 отбасы бақ сынап, 14-де лауреат атанды. Салтанатты шарада қала басшысы облыс әкімінің алғыс хатымен 100 мың теңгенің сертификатын табыстады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...