ШҰҒЫЛ! Ақтауда 200 ге жуық үлескер 2 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр Толығырақ

Мерзімі өткен дәрі еккен

20:17, 8 қазан 2021

Ақтауда 2 жасар қызға мерзімі өткен дәріні салған медбике жазаланды. Естеріңізге сала кетейік Ақтаулық тұрғын екі жасар қызына дәрігер нақты диагноз қоя алмай отырғанын айтып, әлеуметтік желіде шағымдаған болатын. Онымен қоса, облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медбикесі балаға уақыты өтіп кеткен дәріні еккен. Облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Гүлжан Ермекбаеваның мәлімдеуінше, қазір медбикеге қатаң сөгіс беріліп, ол басқа бөлімге ауыстырылған. Ал, қыздың ата-анасы болса, берілген сөгіс жазасына қанағаттанбай, оның жұмыстан кетуін талап етуде. Аталған мәселе бойынша, облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Гүлжан Ермекбаеваға бізде хабарластық.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...