ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Мешітке Төлесін молда аты берілді

19:15, 16 маусым 2021

Таушық ауылындағы мешітке Маңғыстауға белгілі молда, білгір шешен Төлесін Сәменовтың есімі берілді.Салтанатты шараға аудан әкімі,облыстың бас имамы, ұрпақтары мен ауыл ақсақалдары қатысты. Төлесін молда туралы естеліктер айтылып, рухына құран бағышталды.

Төлесін Сәменов  алты жасынан бастап атасы Ізбідайдан мұсылманша сауат ашып, Ержан Хазіреттің шәкірті болды. Молда әулетінен болғаны үшін Кеңес үкіметінің қаһарына ұшырады. 12 жыл тар қапаста отырды.

Жәңгірхан Өрісбаев - Төлесін молданың інісі

Түрмеде жүріп те намазын оқып, өзінің ұстаған ұстанымын ұстап жүрген. Оны жалғастыруға келгеннен кейін Үкімет рұқсат етпеді, жасырын оқып жүрді. Екіннші сыныпты бітіріп келген жылы қарасам сақал қойып, намазды ашық түрде оқып жүр екен. Содан кейін халық алдында ел алдында  беделі күшті болды. Сол уақыттарда түрмеден келген адамдарды жұмысқа қабылдамайдығой. Орыс, қазақ, араб, парсы тілдерін жақсы біледі. Сарытасқа жұмысқа орналасты.

Осылайша, ол 1953 жылы түрмеден босап шығысымен ел ішінде имандылықты насихаттауға белсенді араласты.1990-2001 жылдар аралығында алғаш болып Таушық ауылынан мешіт салдырды. Имам алдыртып, ауыл тұрғындарын иманға шақырып, дін жолында 88 жасына дейін  риясыз қызмет етті.

Түгелбай Жеткізгенов - Төлесін молданың інісі

Қуанышытымыз! Адал адам керек болса, мұсылман дініне қажет адам керек болса, қазаққа қамқор адам кере болса, өзінің білген уағызын дұрыс түсіндіріп, тәрбиелік мәні бар сөздермен араластырып айтып отыратын адам керек болса ол Төкең, Төлесін. Бұл кісіге біздің тарапымыздан қандай марапат жасаса  да, қандай атақ берілсе де лайық деп есептейміз.

22 жыл бұрын Таушықтағы мешіт салынып біткен соң, Төлесін молданың атын беру туралы ұсыныстар болған. Алайда, мұны өзі құптамапты. Бүгінде ауылдастары құрметтеп, қайта ұсыныс тастап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, ресми түрде молданың есімі берілді. Салтанатты шарадан соң Төлесін Сәменовтың рухына құран бағышталды.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...