ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Министр егу пункттерін аралады

20:35, 21 шілде 2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапары аясында Ақтау мен Мұнайлы ауданындағы егу пункттерінің жұмысымен танысты.

Елдің бас дәрігері вакцинация қалай жүріп жатқандығы туралы дәрігерлерден сұрап білді, науқастармен тілдесіп, оларға тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Сондай-ақ мұздатқыш камераларында вакциналар қалай және қандай температурада сақталатын көрді. Алдағы айларға жететін дәрі-дәрмек қорын тексеріп, егу пунктерінде орын алған кемшіліктерді жоюды тапсырды. Бұдан әрі қарай Алексей Цой медициналық нысандарды аралады. Іс-сапар аясында министр мобильдік топтардың қызметі, амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастарды бақылауда ұстап отырған мониторингте, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі, диспансерлік есепте тұрған науқастардың емделу процесімен де танысып шықты.      Денсаулық сақтау министрі өз сөзінде вакцинация жұмыстарын әлі де жандандыру қажеттігін айтып, қауіпсіздік шараларына назар аударды тапсырды. Сонымен қатар ақпараттық түсіндірме жұмыстарын әлі де жандандырып, барлық түскен арыз-шағым бойынша тұшымды жауап беру керектігін атап өтті. Еске сала кетейік, бүгінде Маңғыстау өңірінде 41 егу пункті жұмыс жасап тұр. Жасалып жатқан жұмыстарға қарамастан Маңғыстау өңірі республика бойынша ең соңғы орында тұр. Осы жылдың 21 шілдесіндегі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясына қарсы екпенің І компонентімен егілгендер саны 90362, ІІ компонент салдырғандар саны 47621 адамға жетті.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...