ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Мүгедектік рәсімдеудің машақаты

19:07, 22 ақпан 2021

Телеарнаның араласуымен жыл жарым мүгедектік ала алмай жүрген ақтаулық тұрғынның мәселесі оң шешімін тапты. Естеріңізде болса, біз осыған дейін көп балалы, арбаға таңылған жалғызбасты ананың мүгедектікті рәсімдей алмай жүргенін көрсеткен болатынбыз. Бір жылдың үстінде емхананың есігін тоздырған Алтынай Қисметованың тумаластары теларна ұжымына алғыс айтып хабарласты. Олар осыдан үш күн бұрын мүгедектік құжатпен бірге, мүмкіндігі шектеулі жандарға тиесілі көмектің бәріне қол жеткізіпті.

Бейнеқор: Диктор жаңалық оқуда

Иә, бұл ақтаулық ақхалаттылардың салғырттығын көрсетті. Кейіпкеріміз Алтынай Қисметова бақандай бір жыл алты айдан бері дертіне ем таба алмай келеді. Мүгедектер арбасына таңылғанымен, мемлекеттен ешқандай көмек алмаған. Себебі, мүгедектігін растайтын құжаты жоқ. Айлар бойы емхананың әр есігін күзеткен тумаластары  торығып, телеарнаға хабарласты. Ақхалаттылар айлар бойы қоя алмаған диагнозды үш аптаға жуық уақытта тауыпты.

Эльмира Қисметова - Алтынайдың туысы

Әрине телеарнаға рахмет. Кеше өткен жұма күні 19 ақпанда барып оформить еттік. Мүгедектерге не тиесілі соны алуға документ жинадық. Оның ішінде, инвалидный коляскасы да бар.

Нұр-Сұлтан қаласында емделуге квота мәселесі де шешілген. Сәуір, мамыр айларына жоспарланып отыр.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...