ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Мұнай-газ саласындағы жұмыстар баяулап жатыр

20:36, 3 маусым 2021

Елімізде көмірсутегін қайта өңдеу саласында салғырттық көп. Әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие полиэтилен мен полипропилен материалдарын шығару жағы мүлдем ақсап тұр. Бүгін депутаттар осы саладағы экономикалық өсудің баяулағанын қатты сынға алды.

Елімізде 13 арнайы экономикалық аймақтың жұмысы тиімсіз. Жамбылда мұндай аймақты дамытуға 27 миллиард теңге бөлінгенмен нәтиже нөл.

Айбек Паяев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Заборды салып қойдық. Ал енді бір-ақ қана завод ашылыпты. Ал жалпы жоба бойынша 2,5 мың адамға жұмыс ашылу керек. Жүзге жақын сервистік компания ашылу керек. 16 химиялық завод ашылу керек. Ал бірақ бұл жоқ.

  Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Жеті жылдың ішінде бір ғана дейтін жоба іске қосылды. Хим+Қазір оның жұмысын жүргізуші үшін біздер енді Самұрық Қазынаның құзыретінен алып, оны Жамбыл әкімшілігіне беріп, Жамбыл облысының, солармен бірге басқа сегіз жобамен жұмыс істеп жатырмыз

Атырауда да полиэтилен мен пропилен өндірісі әлі іске қосылмаған. Бұған маман тапшылығы мен оны өндіретін құрылғыларға жөндеу жұмыстарының созылып кетуі себеп. Елде полипропилен шығаратын компаниялар бар, бірақ олар аз. Бұдан бөлек, депутаттар зауыттардың қауіпсіздік мәселесін де көтерді.

Еділ Жаңбыршин, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Сақтанғанды құдай сақтайды деген егер осы зауыттарда техногендік орын төтенше апаттық жағдай орын алған жағдайда қалалардың халқы мен өндірісі мен инфрақұрылымына залалы мен мөлшері қандай болмақ.

Демек, Атырау мен Жамбылдың мұнай химия саласындағы жұмыстары тағы созылайын деп тұр. Осы мәселелерге орай депутаттар салалық министрліктердің, кәсіпорындар мен университеттердің өзара бірлесіп жұмыс істеу керектігін баса айтты. Ламбриан Топузидис, Қазақстан Ұлттық телеарнасы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...