ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

19:17, 7 сәуір 2021

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің келісімімен облыстық білім басқармасының басшысы болып Светлана Түлебаева Дүмбайқызы тағайындалды. Ол 1967 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. 1988 жылы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Жетібай ауылында №8 орта мектептің физика пәні мұғалімі болып бастаған. Кейінгі жылдары Ақтау қаласының №24 мектебінде, экономикалық лицейде физика пәнінің мұғалімі, экономикалық лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, экономикалық лицейдің директоры қызметтерін атқарды. 2014 жылдан осы уақытқа дейін Ақтау қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымында болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...