ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Оқушылар мектепке қайта барды

20:49, 1 сәуір 2021

Бүгін оқу жылының соңғы тоқсаны офлайн форматта басталды. Облыстағы 158 білім ошағы 155 мыңға жуық маңғыстаулық оқушыны қабылдады. Бір сыныпта - 25 бала оқып жатыр. Сабақтың ұзақтығы - 40 минут. Оқушылар мектеп формасын киюге міндетті емес.

Таңмен таласа тұрып, мектепке келген балалардың қатары көп болды. Сөмкелерін асынған оқушылар мектеп табалдырығын аттауға асықты. Арнайы форма кию талап етілмесе де, оқушылардың ақ көйлек пен ақ бантик тағып келуі мектепке деген сағыныштарының белгісіндей болды. Тоғыз ай бойы онлайн оқып, білім ордасына оралған оқушылар қуаныштарын жасырмады.

Нұржайна Нұркебай - Мұнайлы аудандық №14 орта мектептің 8-сынып оқушысы

Мектепке келгенімізге қуаныштымыз. Осы негізі жалпы карантиннің уақытында мектепті біршама сағынып қалдық. Және онлайн форматқа көшкен кезде мектептің қадірін түсіне бастадық. Мұғалімдерімді көргеніме және ұстаздарымды көргеніме қуаныштымын.

Адай Асқар - И.Жанболатова атындағы №15-мектептің 7-сынып оқушысы

Онлайн оқу өте қиын болды. Әр түрлі жағдайлар болды. Мысалға ретінде қарасақ, дистанционкада қатты түсінбейміз. Ал мектепке келсек, апайлар жақсы тақтаға жазып түсіндіреді.

Оқушылар мектепке кірген беттен, электронды термометрін ұстаған медбикелер қарсы алды. Әр баланың дене қызуын өлшеп, маскаларының бар-жоғын тексерді. Баласына алаңдаған ата-аналарда мектепке келді.

Тоқтасын Оралбаева - ата-ана

Мектебіміз ашылып, балдарымыз оқуға келіп жатыр. Қуаныштымыз. Мына карантиннің кезінде денсаулық та керек қой. Бірінші орында денсаулық. Оқығаны да жақсы мектепте. Бірінші орында денсаулығына алаңдаймыз. Маскасын кигізіп, жібереміз күнделікті қадағалап отырмыз.

Барлық сыныптар мен жоғарғы қабаттарда антисептик қойылған. Мектептегі медициналық кабинеттер де жұмыс істеп тұр. Балалар ауыра қалған жағдайда, бірден көмек көрсетіледі. Ол үшін арнайы оқшаулану бөлмесі де бар. Оқушылар маска тағу, қолдарын залалсыздандыру ақтау сияқты эпидемиологиялық ережелерді жақсы біледі. Шәкірттерін сағынған ұстаздар да ендігі міндет - сақтық шараларын қатаң түрде ұстанып, сапалы білім беру дейді.

Жұмагүл Есболаева - IT мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Бүгін өте қатты жақсы көңіл-күймен оқушыларды қабылдадық. Мектебімізде әр кабинетке санитарлық ережеге, талаптарға сай қоқыс жәшіктері қойылған. Барлық талаптар сақталған. Барлық ылғалдандыру, кварцевание деген болады. Соның бәрі есіктерде жазулы тұр.

Мөлдір Батырбай - тілші

Пандемияға байланысты қашықтан білім алғандардың бірі - қазір біз тұрған Ақтаудағы нөмірі 15-мектептің 7-сынып оқушылары. Мұндағы 25 бала 1 жыл бойы онлайн оқыды. Бүгін мектеп партасына қайта отырып, ұстаздарымен қауышқан оқушылардың қуанышында шек жоқ. Енді олар өз денсаулықтары үшін санитарлық талаптарды сақтап, білім алуды жалғастырады.

Ал үзіліс кезінде қоңырау барлығына бірдей соғылады. Әртүрлі пән оқытылса да, оқушылар сыныптан-сыныпқа ауысып жүрмейді. Күн сайын медбикелердің қатаң тексерісінен соң ғана сабаққа жіберіледі. Оқушылардың қауіпсіздігін мұғалімдер жіті қадағалайды. Мұның барлығы балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қолға алынған.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...