ШҰҒЫЛ! Газ бағасы қымбаттады Толығырақ

Он егу бөлмесі дайын

19:42, 27 қаңтар 2021

Бірінші ақпанда еліміз бойынша жаппай басталатын вакцинациялау науқанына өңірде дайындық қызу. Он егу бөлмесі дайын. Оның екеуі Ақтауда, үшеуі Жаңаөзенде және әр ауданда бір-бір егу бөлмелері жасақтаулы. Жалпы, екпе салу 3 кезеңнен тұрады. Екінші кезеңі наурызда басталса, үшінші кезеңі сәуір айына жоспарланып отыр. 25 маусымда егу жұмыстары толық аяқталады - дейді жауаптылар.

Өңірге ресейлік "Спутник V" вакцинасының 1000 дозасы жеткізіледі. Ол 1-ші ақпаннан бастап қауіпті аймақта жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге салынады. Ал, наурызда басталатын екінші кезеңде отандық "КазКовид" екпесі мұғалімдер мен дәрігерлерге ерікті түрде егіледі. Сәуір айынан бастап, интернат мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен студенттер қамтылады. Жалпы үш кезең 25 маусымда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жамал Жаманбаева - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Бізге "Спутник V" россискии вакцинация келе жатыр. Одан әр іқарай өзіміздің "КазКовид" вакцинасы салынады. 2 фазадан өткен. Ол өзінің эфиктивнісін және қауіпсіз екенін дәлелдеді. Клиникалық тәжірибеден өткен. 42 күннен кейінгі тексергенде иммунитет қалыптасатыны анықталды.

Қазір осы ковидке қарсы салынатын вакцина қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тіпті оған қатысты жаңсақ пікір, жалған ақпарат та тарап үлгерген. Мәселен, вакцина әсерінен қайтыс болған адамға 500 мың теңге төленеді деген де шындыққа жанаспайды.

Жамал Жаманбаева - Облыстық денсаулық cақтау басқармасының басшысы

500 мың деген ақша береді деген өтірік әңгіме. Қайтыс болғанда ақша береді, финансовый мәселе шешіледі деген әңгіме жалған.

Өңірде эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Облыс жасыл аймақта болғанмен ковидке шалдыққандар күн санап көбейіп жатыр. Мәселен, соңғы ақпарға сүйенсек: инфекциялық стационарларда 112 адам коронавирустық пневмониядан ем алып жатыр. Оның 20-сы бала. 41 адам коронавирусқа шалдыққан. Сондай-ақ, науқастардың арасында 7 жүкті әйел бар.  Коронавирустың 2-ші толқыны басталды. Ең асқынатын кезі ақпан-наурыз айларына сәйкес келуі мүмкін. Ғалымдардың пайымына сүйенген денсаулық сақтау басқармасының басшысы осылай деді. Сондықтан, мамандар бұл індетке тойтарыс берудің бір жолы екпе алу екенін айтады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар