ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Оң жақтан соққан жүрек

20:52, 11 мамыр 2021

Мұнайлылық 4 жасар Ағлес Өсербайдың ішкі ағзалары басқалардан өзгеше орналасқан. Оның жүрегі оң жақ кеудесінде болса, бауыры сол жақ бүйірінде. Баланың барлық ішкі мүшелері осылай керісінше біткен. Бұл өте сирек кездесетін жағдай,- дейді дәрігерлер.

         Ағлестің тілі тастай. Ойы сергек, қимылы ширақ.Тақпақты да тақылдап айтып береді. Санауды да біледі. Бірақ шала туылған ол, сәби кезінде көп ауырған екен. Әрі туа бітті жүрек ақауы анықталған.  Ата-анасы оның жүрегі оң жағында орналасқанын сәбиі ауруханаға түскенде бір-ақ біледі. Онсыз да көңілі алаңдаулы ана, бұл жаңалықты естігенде "төбемнен жай түскендей" болды дейді.

 Ұлжан Ақжарова - анасы

Не таңырқарымды білмедім. Түсінген жоқпын басында шынымды айтқанда.  Бұрын ондай затты естімегем. Маған ең бірінші келген ой, оң жағындағы жүректі қалай енді сол жағына ауыстырамыз деген ой болды.  Туылғанда жүрегінде тесік болады дейді ғой, сондай болды. Ол үлкен болды. Соған байланысты ма,  көп ауырды бір жасқа дейін. Әлсіз болды, Нұр-Сұлтан қаласына бардық. Ол жақта да тексерістен өттік.

Ағлестің жүрегімен қатар, ішкі ағзаларының бәрі де керісінше орналасқан. Соған қарамастан балақайдың дамуы бірқалыпты. Бірақ сонда да ата-анасы оның денсаулығын жіті бақылауда ұстауға тырысады.  3 ай сайын дәрігерге көрсетеді.

Мамандар болса, алаңдауға еш себеп жоқ екенін айтады. Бұл ауытқушылық - ауру емес, бар болғаны ерекше құбылыс. Дәрігер өзінің 20 жылдық жұмыс тәжрибесінде мұндай жағдайды 5 рет кездестірген екен.

Нұрлан Тлепов - кардиохирург

Жүрек оң жақтан орналасады кеуденің ішінде. Егер ол өзімен-өзі болса, жүрек тек қана оң жақтан орналасса, оны декстрапозиция дейді. Осы декстрапозиция бар адамдар,  олар өскенде жасөспірім, ешқандай сау адамнан айырмашылығы болмайды.

Айнұр Маратқызы - тілші

Барлық ішкі ағзалардың керісінше орналасуы медицина тілінде тотальді транспозиция деп аталады. Мұндай ауытқу әлемдегі 12 мың адамның біреуінде кездеседі екен. Мамандардың айтуынша, еліміздегі  мыңнан астам адамда осындай ерекшелік бар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...