
Өткен тәулікте 14 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы пандемия басталғалы облыста 23 мың 034 адам ауырып, 20 мың 571-і емделіп шыққан. Ал елімізде соңғы тәулікте 1707 адам вирус жұқтырды. Коронавирус анықталған алғашқы күннен бері республика бойынша 908 мың 847 адам ауырып, 850 мың 849-ы емделген. Ал 11 мың 613 отандасымыз көз жұмған.