ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Отан отбасынан басталады

20:56, 14 мамыр 2021

15-мамыр халықаралық отбасы күні. Бұл күнді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекітті. Мұндағы мақсат - отбасындағы өзекті мәселелерге мән беріп, шаңырақтың береке-бірлігін нығайту. Өңірімізде ырыс-ынтымағы жарасқан осындай отбасылардың бірі - Овезовтар әулеті. Қазақы құндылықтарды бойына сіңіріп, ұлттық тәрбиені ұстын етіп алған шаңыраққа бас сұққан Мөлдір Батырбай сөйлейді.

Қайрат Овезов - қалалық ішкі істер басқармасының аға инспекторы. Осы салада 5 жылдан бері жұмыс жасайды. Таңды таңға жалғап, жұмыста жүр. Екі бала тәрбиелеп отырған қамқор әке. Жұбайы екеуінің мамандықтары бір. Сондықтан бір-бірімізді жақсы түсінеміз дейді ол.

Қайрат Овезов - қалалық полиция басқармасы кадр саясаты бөлімінің инспекторы

Екеуміздің ойымыз бір жақтан шығып, түсіністігіміз өте жоғары. Отбасын құрмастан бұрын жолдасым осы ішкі істер органдарында қызмет атқаратынына, және де біз екеуміздің жақсы отбасы құратынымызға сенімді болдым. Бірдей қызмет атқарып, бірдей еліміздің тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қызмет атқарамыз.

Жары Аяжан да бұл қызметтің қыр-сырын  жақсы біледі. Өзі осы салада 7 жылдан аса уақыт еңбек етті. Қазір бала күтімімен үйде отыр. Отбасында үлгілі келін болумен қатар, негізгі міндетін де ұмытқан жоқ. Бала тәрбиесі тәртіптен басталады деп санайды.

Аяжан Нәдір - жедел басқару орталығында бейнебақылау операторы 

Ата-әжесі енді еркелеткенімен біз кішкене қаттырақ ұстаймыз. Тәрбие беріп. Әкесі көбінде түсіндіріп айтады. Балам олай болмайды. Бұлай болмайды деп. Ал тәйт деп тұратын енді мен үйде. Ата-енеме үлкен рақмет. Ата-енем енді бізді екі баласы да органда болғасын түсініп кішкене жәрдемдесіп, шаруаның бәрін істеп қоя береді.

Мөлдір Батырбай - тілші

Ақтаулық Овезовтар отбасы жанұяның берекесін сақтап, шаттығын арттыруда көпке үлгі көрсетіп жүр. Олар жоғары жауапкершілікті талап ететін салада жұмыс істесе де, отбасыны бірінші орынға қояды. «Өскелең ұрпақты - ұлт болашағы» деп білетін Қайрат пен Аяжан сол себепті бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі.

Овезовтар әулетінің мығым болуына Қайраттың әкесі Көмек пен анасы Тамараның да үлесі зор. Бүгінде ата-ене атанып отырған олар немере сүйіп, баланың балдай тілін қызықтап отыр.

Тамара Овезова - анасы

Мына балаларымның бастары аман болсын. Келін балам жақсы қызмет етсін еліне. Біз де міне балаларымызды, немерелерімізді қызықтап жүре берейік. Осындай отбасы көп болсын. 

Отбасы  - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. Қоғамда әдеп, инабат сынды құндылықтардың қалыптасуында оның маңызы зор. Жанұяның қосы тірегі болған ерлі-зайыптылар да осыны мақсат еткен.  

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...