ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Пара берсең де, алсаң да айыппұл төлейсің!

19:08, 8 сәуір 2021

Енді шенеуніктер 2 айлық есептік көрсеткіштен артық сомада пара алса немесе 5 834 теңгеден астам ақшаға сыйлыққа болса, оларға 1 миллион 800 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Сыйақы бергендер де жауапкершіліктен құтылмайды. 2 айлық көрсеткіш көлемінде пара бергендер 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді. Жемқорлыққа жол берген лауазымды тұлғалар да жауапкершілкке тартылады. Оларға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ бұрынғы жемқорды жұмысқа қабылдаған мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысына да 300 мың теңгеге дейінгі айыппұл салынады. Мұның барлығы бесінші сәурден бастап күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер.

Қуаныш Мырзағали - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары

Ұсақ құқық бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу арқылы  ұстау және қамауға алу , ,тінту  мемлекетке залал келтіру сынды жағымысыз сәттерді сондай-ақ әшкереленген адамдар үшін кейінгі теріс салдардың алдын-алуға болады. Сонымен бірге таразы басына жемқорлық үшін сотталған адамның мансабымен алдағы тағдыры ғана емес оның туған-туыстарының да тағдыры түседі. Сотталған жемқордың тікелей басшысы да лауазымынан босатуға дейін тәртіптік жауапкершілкке тартылады.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...