ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Премьер-министр сапары

18:59, 21 шілде 2021

Премьер-Министр Асқар Мамин Маңғыстауға келді. Сапар барысында Қазақстандағы алғашқы TETYSBLU тақырыптық паркінің ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа нысан теңіз жағалауындағы туристік аймақта орналасқан. Онда Орталық Азияда теңдесі жоқ 30-дан астам аттракцион бар. Үкімет басшысы туристік аймақты дамыту жобасының іске асырылуын да тексерді. Қыркүйек айында гольф клубының, сауда қатарларының, виллалар мен қонақ үйлер құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Сондықтан үкімет басшысы көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды- дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар аясында Үкімет басшысы ұзындығы 24 шақырым болатын Ақтау-Әуежай автомобиль жолының құрылысы мен ұзындығы 4,5 шақырым болатын «Хонда» орталығынан Өмірзақ ауылының Т-тәрізді қиылысына дейінгі қалалық автомобиль жолын реконструкциялау барысын тексерді.  Аталған жолдарды бірінші қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

Асқар Мамин «Транстелеком» Деректерді өңдеу орталығының жұмысымен де танысты. Жоба құны - 6,8 млрд теңге. Орталық Tier III деңгейінің қауіпсіздік және сенімділік стандарттарына сәйкес келеді. Осындай орталықтар Қазақстанның 9 қаласында: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынған. Деректерді өңдеу орталықтары клиенттік серверлердің үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге, елде цифрландыру үшін технологиялық негіз болуға арналған.

«Ақтау теңіз порты»  арнайы экономикалық аймағында  Үкімет басшысына жұмсақ қаптама ыдыс, полимерлік қаптама, сорғы штангалары мен муфталар өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар таныстырылды. Премьер-Министрдің «Құрық» паром кешенін және «Ақтау» теңіз портын аралауы кезінде Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері қаралды. Жүктерді ауыстырып тиеу қуаты жылына 6 млн тоннаны құрайды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...