ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Президент Маңғыстау облысы әкімінің есебін тыңдады

18:59, 21 шілде 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен өңірдегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық ахуалды телефон арқылы талқылады. Облыс әкімі Президентке COVID-19 індетіне қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде, халыққа екпе егу және малды жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына екпе салу қарқынын арттыру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, еңбек дауларын реттеу және болдырмау, өндіріс орындары мен мұнай кәсіпорындарына қызмет көрсететін мекеме жұмысшыларына әлеуметтік қолайлы жағдайды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Президент Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, қуаңшылық салдарына және жайылымдық жерлердегі шөптің тапшылығына байланысты қалыптасқан жағдай бойынша фермерлер мен ауыл тұрғындарын қолдау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...