ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Провизорларда 731 науқас ем алып жатыр

19:07, 22 шілде 2021

Облыстағы провизорлық ауруханадардың 60 пайызы толы. Қазір ауруханаларда 700-дың үстінде науқас ем қабылдап жатыр. Ал өткен тәулікте 207 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғыны. Сондай-ақ облыстың бас санитарының мәліметінше науқастар жасы өткен жылмен салыстарған жасарып кеткен. Ем қабылдап жатқандардың дені 50 жасқа дейін азаматтар.

Ғазиз Надуев- МО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Бүгінгі таңда республика бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық көп. Егер былтырғы эпидемиологиядық жағдайды біз қарт кісілерді көп байқасақ. Бүгінгі таңда 30-39 жас ,50 ге дейінгі адамдар арасында біздің өңірдің өзінде өте көп. Және жағдайы нашарлап жатқан адамдар ішіндегі сол 50 жасқа дейінгі ағайындар 

Облыстағы 733 кәсіпкерлік нысанында  "Ашық" жүйесі енгізілген.  Сол арқылы науқастармен байланыста болып, карантиндік режимді бұзған  400 ден астам адам анықталып, 3 тұлғаға айыппұл салынған. Ал  пандемя басталғалы 13 мыңнан астам нысанға маниторинг жүргізіліп, 80 әкімішілік хаттама толтырылған.

Ғазиз Надуев- МО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Қызыл статуспен басқа жолға шықпақ болған және де адам көп шоғырланған жерде , қоғамдық тамақтану болмаса басқа да сауда орындарында бүгінгі таңда Маңғыстау обылсының 400-500 адамы анықталып отыр. Науқас екенін біле тұра өзінің жауапкершілігін түсінбей адам шоғырланған жерге кірмекші болған. Оны "Ашық" жүйесі бойынша бізге күнде республикадан мәлімет келіп отырады соның ішінде 3 жеке тұлғаға 131 мың 265 теңге айппұл салынды.

Ал коронавирусқа қарсы егу жұмыстары бойынша облыс әлі де болса ел ішінде соңғы қатарда . Вакциналау басталған 6 ай ішінде екпенің бірінші компанентін 91537 адам, ал екінші компанентін 49095 адам егіліп үлгерген.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...