ШҰҒЫЛ! Жұмысшылар жалақыларын талап етіп жатыр Толығырақ

QR-код арқылы оңай төлем жасауға болады

19:45, 23 ақпан 2021

Енді халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет ақысын QR-код арқылы төлеуге болады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін ұялы телефондағы арнайы мобильді қосымша арқылы тиісті соманы белгілейсіз. Бірнеше секунд ішінде қаражат қабылданады. QR-кодтың көмегімен жер телімінің құжатын дайындау, жылжымайтын мүлік, заңды тұлғаларды тіркеу сияқты бірқатар қызметтерге төлем жасалады. Яғни, тұрғындар қандайда бір мемлекеттік қызметке төлем жасау үшін менеджерден QR-ды құрып беруін сұрауға толық құқылы. Айта кетейік, қазір республика бойынша 339 орталыққа QR-код орнатылды.

Бақдәулет Қожахметов - қалалық №2 ХҚО бөлімінің басшысы

Осыған дейні халық бір мемлекеттік қызмет алу уақытында төлем жүргізу керек болғанда, кассаға бөлек талон алатын. Операторға бөлек талон. Қазір осы QR-кодты орнатуға байланысты, бір талонмен мемлекеттік қызмет ала алады. Мысалға үй тіркеу және де анықтама алу барысында мемлекет баж салығын QR-код арқылы төлеуге болады.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып отыр
20:48, 3 наурыз 2021
Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып о...
Толығырақ...
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
20:37, 3 наурыз 2021
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...