
Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Биылғы алғашқы ауызашар сәуірдің 13-не келіп тұр. Ал мамырдың 8-нен 9-на қараған түн Қадыр түні. Қасиетті айда мұсылманға толық 30 күн ораза ұстау парыз. Ал оразада берілетін пітір-садақаның мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Бұл екі келі ұнның орташа бағасы. Алайда, еліміздегі карантинге байланысты пітірді мешітке бармай, мобильді қосымша арқылы онлайн төлеуге де болады.
Мақсатбек Маханбетов - облыстық дін істері басқармасының басшысы
Пітір садақаны арнайы осы жергілікті діни бірлестіктердің шоттарын ашуға немесе сол мешіттің төңірегінде арнайы жәшіктер болады соған келіп салуларына да болады. Сонымен қатар, ауызашар деп отырмызғой, мәселен, күнделікті бір адамдарға ауызаштыру керек болса, тек сол діни бірлестіктер арқылы, соларда өздері садақа беру арқылы ауызашарды жергілікті жұқтаж отбасыларға болмаса ауыз бекіткен адамдарға таратуға барлық шараларды ұйымдастырамыз.