ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Республикалық кіші олимпиада жүлдегерлері анықталды

19:14, 4 мамыр 2021

Ақтаудағы Өнер колледжінің 12 студенті республикалық кіші олимпиада жүлдегері атанды. Он үшінші рет өткен байқау дүлділ күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы мен академик Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Мақсат - оқу орындары арасында өзара бәсекелестік тудырып, білім алушыларды біліктілікке баулу. Сондай-ақ, дарынды жастарды анықтауда көзделді. Сайыста музыкалық колледждер мен мамандарылған мектептерден 200-ге жуық студент бақ сынады. Қатысушылар "домбыра", "үш ішекті" және "фольклорлық" аспаптар арқылы шеберліктерін көрсетті.

Әлинұр Жолмағамбетов - "Үш ішекті аспаптар" номинациясы бойынша 2-орын иегері

Қиындығы болды әрине. Бір айдай дайындалдық. Үлкен шеберлікпен. Ағайдың айтуы бойынша. Соның нәтижесінде осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз. Республикалық конкурс болғаннан кейін шет-шеттен қатысып жатады. Барлығының деңгейін көреміз. Әр облыстың деңгейі қандай, өзіміздің деңгейіміз қандай.

Индира Ержанова - "Дирижерлеу" мамандығы бойынша 1-орын иегері

Қатысушылардың арасынан бірінші орын алу - жалпы енді расыменде біріншіден мұғалімнің еңбегі. Одан кейін өзіміздің еңбегіміз. Негізі ойлаған жоқпыз бірінші орын аламыз деп. Себебі, қатысушылар өте көп болды. Жұмыс жасауымызға, ЖОО-на түсуімізге өте үлкен септігін тигізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар