ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі

20:27, 13 қыркүйек 2021

Биыл "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасына төрт жыл толды. Жоба Елбасының бастамасымен қолға алынған болатын. Осыған орай Түпқараған ауданында бағдарлама аясында орындалған жұмыстарды бағамдау мақсатында жиын өтті. Ауданда бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы комиссия жасақталып, жұмыс жоспары бекітілген. Жобалық кеңселер де құрылды. Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағыты бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бағдарлама аясында ауданда атқарылған іс көп. Әр жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырыпып келеді. Мәселен биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіруге арналған жол картасы бекітілді. Қазір мұнда 6 бағыт бойынша 13 жоба іске асырылып жатыр. Жалпы 125 шара өткізілді.

Сымбат Салиянқызы -  аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а

Форт-Шевченко қаласынан  "Балғын балалық шақ" балалар ойын алаңы, Форт-Шевченко қаласынан "Жан жылуы" психологиялық кабинеті, "Таза ауа - денсаулық кепілі" тынығу орны, Баутин ауылынан "Таза қала" қоқыс жәшіктерін орнату, Форт-Шевченко қаласынан "Жастар аллеясы" және "Еркеғұл" көшесінде футбол алаңын жасанды төсеніш қаптау бойынша жобалар халық игілігіне пайдалануға берілді. Бағдарлама аясында 2021 жылы 129 іс-шара өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағытының бірі -«Туған жер» жобасы. Осы арқылы аудан халқына әлеуметтік  тұрғыда қолдау көрсетіліп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілді. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеу, мектептерді заманауи жабдықтармен қамту бойынша да іс-шаралар жүргізілді. Аудан басшылығының айтуынша, жыл соңына дейін тағы бірқатар жобалар жүзеге аспақ.

Айбек Қосуақов -  аудан әкімі
Баутин ауылы аумағында Баутин, Аташ елді-мекендері тұрғындарына ортақ жаңа мешіт салу жобасы бар. Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қоса, Баутин ауылының "Каспий Алтын Балық" ЖШС-мен балық өңдеу зауыты бой көтеріледі деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, "Туған жер" жобасы аясында туризм саласын дамыту бағытында "Сығынды" жерінен "Port Royal" демалыс орны ашылу жоспарда бар. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Жиын барысында, сарапшылар бағдарлама аясында орындалуы тиіс міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ аудан бойынша атқарылған жұмыстарға баға берді.  Бағдарламаны жүзеге асыруға қоғам белсенділері мен жастар да ат салысуы тиіс. Өйткені жоспарланған міндеттердің барлығы - тұрғындардың игілігіне бағытталған деді аудан әкімі.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...