ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Салт-дәстүр насихатталады

20:35, 21 шілде 2021

Ақтаудағы Ассамблея қызметкерлері "Мәміле" жобасын қолға алды. Мақсат- ұлттық салт-дәстүрді дәріптей отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Шара аясында мамандар өзге ұлт өкілдеріне беташар, бесікке салу сияқты жөн-жоралғыларды көрсете отырып, оның маңызын түсіндіреді. Ұлттық ойындар мен халық ауыз әдебиетінің түрлеріне мән беріледі.

Бұл әдет-ғұрыптың қайта жаңғырып, отбасылық құндылықтардың сақталуына да ықпал етпек. Жоба ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Жалпы мерейтойға орай, 120 шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта "Ана әлдиі" байқауы өткізіледі. Конкурста үздік атанған қатысушылар арнайы жүлдеге ие болады.

Аманкүл Жайылханова - облыстық "Қоғамдық келісім" КММ басшысы

Бүгінгі таңда осы жоба онлайн түрде өткізіліп отыр. Осы шараға қатысушылар саны көбейді. Қызығушылық көбейіп отыр. Оның ішінде жастардың қызығушылығы. Бұл да болса біздің, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына, мына 40 жылдыққа қадам басқан жылында үлкен мән-мағынасы бар деп есептеймін.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...