ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Салықты уақытылы төлеңіз!

19:17, 3 маусым 2021

Салықты уақытылы төлемеген жағдайда оған әр күн сайын өсімпұл қосылады. Бірақ, тұрғындардың салықтық қарызы бар екенін мемлекеттік кірістер органы тұрғындарға хабарламай отыр. Салдарынан азаматтардың есеп-шоттары бұғатталып, іс сот орындаушыларға жолданады. Ал, олар өз кезегіндегі заңға сәйкес көзделген мерзімде салықтық берешекті өндіруге міндетті. Басты ауыртпалық азаматтардың негізгі қарызынан яғни есептелген салықтан бөлек өсімпұлды және сот орындаушысының қызмет ақысын төлейді. Себебі, жеке сот орындаушының қызметі ақылы. Бұл салық төлеушіге қосымша қаржылық шығынға әкеледі. Осы ретте, жауаптылар салықтық қарызбен коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеуге шақырады.

Айзат Тіленбаев - облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары

Мәселен, салық төлеушінің өсімпұлды қосқандағы салықтық берешегі 50000 теңге болса және осы салықтық берешек жеке сот орындаушысымен өндірілген жағдайда борышкер 50 000 теңгеден бөлек осы сумманың 25 %-ын, яғни 12500 теңге жеке сот орындаушысының қызмет ақысын төлейді.

Яғни, салық төлеуші салығын уақытылы төлемеуі салдарынан 12 500 теңге қаржылық шығынға ұшырап отыр. Бұдан бөлек, борышты өндіру мақсатында борышкердің банктік есепшоттары бұғатталады, нотариус қызметтерін алуға шектеу қойылады, жүргізуші куәлігін пайдалануды уақытша тоқтатылады, шет елге шығуына шектеу қойылады, жылжитын және жылжымайтын мүлігіне тоқтам және тыйым салынуы кейіннен аукцион арқылы сатылуы мүмкін.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...