ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Сан соққан салымшылар

19:36, 17 ақпан 2021

Сан соққан салымшылар. Бұл жолы Ақтаудың 16-шағынауданында орналасқан "Lepes Премьера" тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алғандар редакциямызға шағымданды. Олар 2019 жылдың желтоқсанында үйлеріне кіруі тиіс болатын. Бірақ компания белгіленген мерзімді сағыздай созып, құрғақ уәдеге тойдырып келетін көрінеді.

Жоспар бойынша қаланың қақ ортасынан орын тепкен 16 қабатты 240 пәтерлік элиталық тұрғын үй кешенінде үш деңгейлі жер асты тұрағы, орталықтандырылған инженерлік желісі, арнаулы жабыны бар ойын алаңы салынып, табиғи газбен қамтамасыз ететін жүйе орнатылуы тиіс еді. Бірақ бүгінде  инфрақұрылым жүргізілмек түгілі, үйдің өзі салынып біткен жоқ. Құрылыстың 11-қабаттан тоқтап қалғанына біраз болған.

Түрмеш Қыстаубаева - салымшы

Өткенде жан да жоқ еді. 3 түйір адам әкеліп қойыпты. Әнекей, машина әкеліп қойыпты. Ол көзбояушылық деп тұрмыз біздер. Бұрын құрылыста адам болған жоқ. Бүгін ғана жыбырлап жатыр ғой. Біз қарап жүрміз ғой келіп.

Әу баста, келісімшарт бойынша тұрғын үй кешені 2019 жылдың соңында қолданысқа берілуі керек еді. Құрылыс компаниясының басшығы белгіленген мерзімді шегерумен келеді. Өткен жылдың желтоқсанында пәтер кілтін табыстаймыз деп ант-су ішкен олар, енді 2021 дің желтоқсанына дейін күтулерін сұрап отыр.

Қабидолла Өтесінов - салымшы 

20 жылдың декабрінде 100 процент құрылысты бітіріп, кілтті береміз деген.  Содан бергі үйдің тұрысы осы. Қазір көрсетуімізге болады. Клад та салынған жоқ. Ендігі ол басшымыз, адамымыз жоқ. Алматыда дейді. Кейігі заместителі Ербол деген жігіт осы жылдың аяғына дейін декабрьге дейін қарастырып жатырмыз дейді. Ол уәдеге сеніп отырған жоқпыз. Халықтың барлығы бар ақшасын жиған-тыйғанын салып, үй жалдап жатқан адам қаншама.  Стройканың бітетін түрі жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, компания басшығы бірнеше рет ауысқан. Қазіргі директоры - Ербол Өрембаев.  Айтуынша, құрылыстың неліктен ұзақ уақытқа кешеуілдегені оған беймәлім. Өйткені, басшылыққа келгеніне көп болмаған. Ал қазіргі жағдайға қатысты, жұмыс күшін күтіп отырғанын мәлімдеді.  Арнайы бригада жеткен соң ғана құрылыс қарқынды жүре бастайды екен.

Ербол Өрембаев - құрылыс компаниясының басшысы

Біз қазір Алматыдан 20 шақты монолит құрылысын жүргізетін мамандарды шақырып отырмыз. Қазір олар бригада құрып жатыр. Келесі аптада келеді. Мамыр айына дейін үйдің каркасын тұрғызып, жыл аяғында аяқтап,  тапсырамыз.

 Бірақ тұрғындар ешқандай уәдеге сеніп отырған жоқ. Олардың талабы мен тілегі - біреу ғана. Тез арада баспаналарына қол жеткізіп, жайлы өмір сүргісі келеді. Айта кетейік, әкімдік қызметкерлерінің мәліметінше, компанияның құрылыс жүргізуге рұқсаты бар. Құжаттары рәсімделген.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...