ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Сапалы білім - заман талабы

19:15, 16 маусым 2021

Қазіргі замандағы білім. Осындай атаумен Ақтауда орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған форум өтті. Онда сапалы білім беру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар өңірдегі білім сапасын көтеруге қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиынға келген 230-дан астам педагог өзара тәжірибе алмасты.

Сапалы білім - заман талабы. Ал кәсіби маман даярлау пеагогтарға зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан мұғалімдердің біліктілігін дамыту маңызды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған форумның негізгі мақсаты да осы. Яғни, білім сапасын арттыру мәселесін жан-жақты талқылау.

Клара Құлатаева - МО білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы

Форумның басты мақсаты - Маңғыстау облысының білім саласын дамыту. Соның ішінде білім сапасын көтеру бойынша Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін бізідң осы Маңғыстау облысы мектептеріне одан әрі енгізу. Бірлікте жұмыс жасау. Осылайша біздің осы жас ұрпақтың білім сапасын көтеру.

Жиында оқушылардың үлгерімі жақсы болуы үшін ең алдымен бастауыштағы білімнің дұрыс берілуі керектігі баса айтылды. Өйткені бастауыш мектеп - баланы оқуға тәрбиелейтін негізгі саты. Бұл кезеңде де ұстаздың оқушыға деген сенімі - маңызды дейді сала мамандары.

Күләш Шәмшидинова - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары басқарма төрайымы

Мына мұғалімдердің кейбірі мен балаларды, ұстаздарымды меңгереді деп сенбеймін дейді. Мұғалімнің сенімсіздігі кейін балаға беріледі. Бала ертең мектеп бітіргенде жоғары нәрсеге жете алмайды. Міне сондықтан да мұғалім, ұстаз өзіне сенімді болуы керек. Алдында отырған балаға сенім білдіруі керек.

Форум аясында 9 мектеп пен 7 ұстазға арнайы марапат табысталды. Солардың бірі - Марат Атаназаров. Сегіз жылдан бері көркем еңбек пәнінің мұғалімі. "Елбасы төсбелгісін" иеленген ол сапалы білім беруде тек мұғалім ғана емес, ата-ана тәрбиесінің де маңызы зор деп есептейді.

Марат Атаназаров - Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Мектептерде сапалы білім беру бойынша үш одақ: ата-ана тарапынанда, оқушы тарапынанда бірлесе отырып жұмыс жасаған жақсы. Ғылым саласы жаңа технологиялар, соның ішінде физика, математика, информатика саласын біріктіре отырып және де 3Д модельдеу, роботехника барлығын біріктіре отырып теория жүзінде емес, практика жүзінде көбірек жұмыс атқарып келе жатырмыз.

Ал «Назарбаев Зияткерлік мектептері» марапаты Баянды ауылдық мектебіне де берілді. Білім ордасы бұған дейін де "Үздік жетекші мектеп", "Ең үздік ауыл мектебі-2021" атағына лайық деп танылған. Ұйым басшысы бұл - жүйелі дамудың нәтижесі, - екенін айтады.

Жанар Байназарова - Мұнайлы ауданы № 3 жалпы білім беретін мектеп директоры

Біздің ең басты көңіл бөлгеніміз бұл оқушылардың білім сапасы және педагогтарға әдістемелік көмекті жүйелі ұйымдастыру. Осы арқылы педагогтың құзыреттілігін арттыру. Үшіншіден оқушылардың таным көкжиегін дамыту. Осы бағыттарда жұмыс жасадық. Бүгінгі марапат әрине біздің үлкен ұжымның ынтымақтаса жұмыс жасауының арқасында ауызбіршіліктің арқасында келіп жатқан жеміс деп айтуға болады.

Сондай-ақ, кездесуде Назарбаев зияткерлік мектептері мен облыстық білім басқармасы арасындағы білім сапасын көтеру бойынша жол картасына қол қойылды. Осы арқылы мамандар шығармашылық идеяларын ортаға салып, кәсіби қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жобаларды қолға алмақ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...