ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Семіз айтып, арық шықты

21:07, 24 ақпан 2021

Салынбай тұрып, жарнамасы жер жарған элиталық үй шын мәнінде ондай болмай шықты. Қаланың қақ ортасынан орын тепкен "МAEK KUAT RESIDENSE" тұрғын үй кешенінің кілт тапсыру мерзімі кешіктірілгені былай тұрсын, бастапқы келісімшартта көрсетілген жағдайлардың ешбірі жасалмаған. Миллиондап ақша салған тұрғындар сан соғып қалды. Тұрғын үй кешенінің кемшіліктері туралы Айнұр Маратқызы баяндайды.

Жарнамасына қарасаңыз, жобада мін жоқ. 330 пәтерлік жоғары санатты тұрғын үйде жанға керектің бәрі бар. Газ желісі тартылып, 220 автокөлікке арналған автотұрақ, 208 көліктік жер асты тұрағы салынады. Автономды электр және ауыз су желісі, су тазалайтын жылу тарату жүйесі, көпфункциялы спорт кешені. Бұдан бөлек,  аулада фонтан атқылап, айналаны Бакуден арнайы келген маман көгалдандырады. Келісімшарт бойынша мұның бәрі екі жыл бұрын бітуі тиіс шаруа болатын. Бірақ, элиталық үйге көшпек болған тұрғындар, эконом санатты үйге зар болып қалған.

Лариса Жанбатырова

Біз үлкен басшыларының біздің алдымызға шығып, түсініктеме бергенін қалаймыз. Осы тұрғын үйге "элиталық санаттағы" деп бар қаражатымызды салдық. Ал басшылары бірде-бір рет бізбен жүздескен жоқ. Біз нақты жұмыс жоспарын көргіміз келеді. Өйткені, кез-келген құрылыста міндетті түрде жоспар болады. Барлық жерде элиталық деп жарнамалап жатыр, ал түптеп келгенде жұмыс жоспары бойынша комфорт классқа жатады. Адамдарды алдап соғып, "қақпанға" түсіріп отыр. Пәтер бағасына тұрмайды.

Ол ол ма, компания тұрғындардың келісімінсіз, пәтерлердің бастапқы жобалауын өзгертіп жіберген. Олардың бұл әрекеттері салымшылардың наразылығын үдете түсті.

Райхан Әбілғазиева 

2020-ға  келгенде бұлардың отдел продажасы өзгерді. Енді қайтадан қыздар звондап, мына біздің перепланировкамызды  қайта әкеліңдер, біз жинап жатырмыз деп. Ешкім маған айтқан жоқ. Өзгерттік деп изначальный планды. Кеше ғана барғанда ішіне қарасам, дополнительная штраба  залдың ішінен кетіп бара жатыр. Оны қайтеміз. Перепланировка оның ішіне келіспейді. Жиналып барғанымызда бізге айтады. "Оны біз ала алмаймыз, планымыз бойынша өзгерте алмаймыз" дейді.

Қуатбек Төлеуов 

3 квартирамды сатып жіберіп алып отырмын мына үйдің черновойға зорға, и то жетпей қалды. Мынаумен сөйлесіп, түсіртіп алдым. 30 дың үстінде. Бірақ қазіргі квартираны көрсетейін барып. Ана тұрған күйі 30 млнға не стоит. Какой-то мынадай бірдеңе сатып алдым. Қазір ертіп барамыз, көрсетем. Стяжкасын құйып, перед чистовой қылып берсе де біздің төлеп отырған ақшамыз жетеді.

Қуатбек Төлеуов 2 ай бұрын сатып алған пәтерінің жағдайын бізге көрсетпекші болды. Бірақ компанияның атқарушы директоры тұрғындар күнде келіп көріп жүрген үйлерін камераға түсіруге рұқсат бермеді.

Бітпеген объектіге, жұмыс жүріп жатырған объектіге кіруге болмайдыыыы.

Атқарушы директордың айтуынша, 2019 дың аяғында пайдалануға берілуі тиіс құрылыстың кешігуіне пандемия әсер етіпті.

Қайырболат Жанғалиев - құрылыс компаниясының атқарушы директоры

Негізі біздің заключениелер кейін шықты. Қорытынды бойынша, бұл объекті 30 айда бітуі керек. 30 айдың өзі 2 жыл жарым. Бұл басталған күннен бастап осы жылдың аяғына дейін. Қиыншылықтар болды. Пандемияның да әсері тиді. Осы наурыздың аяғында береміз деп жоспарлап отырмыз.

Ал "Integrated Solution Group" компаниясының басшылығы мәселеге бейжай қарап, тұрғындардың шағымдарды елемей отыр деген салымшыларға былайша жауап берді.

Қайырболат Жанғалиев - құрылыс компаниясының атқарушы директоры

Екі апта бұрын 3-4 адам өкілдері келді. Біздің басшылар кездесті. Бүткіл сұрақтарға жауап берді. Енді 300 адамдармен кездесе алмайды ғой.  2 адам емес, бұларға айтылды. 3-4 адам келді, сұрақтарын қойды, бәріне жауап берді.

Сұрақ қоюға мүмкіндік алған  3-4 адамның бірі - Ғибрат Ілиясов, бұл кездесуден аса ештеңе өзгермегенін айтады.

Ғибрат Ілиясов 

Өзіміздің претензияларымызды бердік. Басшылық бірінші хат жүзінде жауап берді. Қабылдамады претензияларымызды. 3-4 адамды шақырып алып, үлкен бастықтарымен кездестік. Сол кезде 1 мартта береміз, ал парковка жөнінде сыртта негізі 220 көліктік машинаға орын болуы керек еді.  Қазір 80 ғана орын, 300 квартиралық үйге ол өте аз. Өзгерткен пландарын берді ол жақта 140-130 машина.

Айнұр Маратқызы - тілші

Салымшылардың 80 пайызынан астамы үйдің ақшасын толық төлеген. Оларды басқа құрылыс компаниялары шаршы метрін 100-120 мыңнан сатып жатқан пәтерді екі есе қымбат бағасына алғандары қынжылтады. Кем-кетігі көп үйге көңілдері толмайтын тұрғындар сырты бүтін, іші түтін үйді қабылдамақ емес. Ал компания тарапынан олқылықтар жөнделмесе заңға жүгінбек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...