ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Сенат отырысында бірқатар заң қабылданды

21:08, 10 маусым 2021

Сенат әлеуметтік кәсіпкерлік және инклюзивті білім беру туралы заңдарды қабылдады. Әлеуметтік кәсіпкерлер аз қамтылған отбасылардан шыққан қызметкерлерін оқытып, біліктілігін арттырса, салықтық жеңілдікке ие болмақ. Мемлекет әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарына инфрақұрылым тартып, оларға қаржылай, ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге міндеттеледі. Заңға сай өңдеу саласындағы жаңа кәсіпорындарға қосылған құн салығы 70 пайызға төмендеп, өңдеуші өнеркәсіп корпоративті табыс салығынан босатылады. Жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы салық режимі енгізіледі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

 Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешуге, аз қамтылған азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсетуге үнемі көңіл бөледі. Бұл тұрғыда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор. Бұл өзгерістер мен толықтыруларды Сенат депутаттары бастамашылық еткенін және дайындағанын ерекше атап өткен жөн. Отандық заңнамада алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлікке анықтама беріліп отыр.

Сенатта сондай ақ «Қазақстан мен Ресей арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Сала министрі Бағдат Мусин зымырандар Қостанай облысы  аумағында құлағаны үшін Ресей тарапы 460 мың доллар төлейтінін айтты. 3-6 тәулік аралығында адамдар мен малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құлау ауданына кіру жабылады. Қалған уақытта құлау ауданында жүруге және оны жайылым ретінде пайдалануға шектеу жоқ. Ведомство басшысы киік төлдейтін уақытта Байқоңырдан аталған зымырандардың ұшуына шектеу қойлатынын да еске салды. Яғни, сәуір мен маусым айлары аралығында тасымалдағыш зымырандар ұшырылмайды.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...