ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Сенаторлар сапары

19:13, 5 мамыр 2021

Өңірге жұмыс сапарымен келген Сенат депутаттары Қарақия ауданына барды. Сапар барысында Жетібай мен Құрықты байланыстыратын жолдың құрылысымен және Жетібайда бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты.

Жетібай мен Құрықты байланыстыратын 64 шақырым жол құрылысына биыл 1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға 5 шақырым жол жасалады. Үшінші деңгейлі жол , алдағы екі жылда толық аяқталмақ. Сенаторлар осы жолдың сапалы да, уақытылы бітуі керектігін мердігерлерге қатаң тапсырды.

Батанияз Елешов - мердігер мекеме басшысының орынбасары

На ось  салмағы 13 тонна . Үшінші категориялы жол.

Мор Порттан шыққан техникалардың барлығының өтуіне мүмкіншілігі болады. Бұл жоба. Биыл басталып 2023 те бітеді.

Бақтыбай Шелпеков- ҚР Парламент Сенатының депутаты

Жетібай мен Құрық тас жолына мен әуелде депутаттық сауал көтеріп , одан кейін Премьер министрдің орынбасарына дейін барып , Қаз Авто жолға барып осы жолдың ақша бөлінуіне біраз еңбек жасадым. Соған ақша бөлінді , проект бойынша қазір осы іс қалай басталып жатыр , қалай жүріп жатыр. Сондықтан айтып түсіндірді қандай мәселелер бар. Проект жағында мәселелер бар екен . Ендігі біздің мақсат-сол кісілерге көмектесу.

Депутаттар Қарақиядағы желден электр өндіретін станцияға да барды. Мұнда қазір 8 бағана бар. Олардың әрқайсысы күніне 2 мегаВат энергия өндіреді. Өндірілген электр энергиясы Жетібайға жеткізіледі. Сол жерден қажетті аумақтарға таратылады. Аудан осы арқылы электр энергия тапшылығын жоюды көздеп отыр.

Бауыржан Көшербаев - энергетик

Желдің жылдамдығы желдің бағытына 700-800кило Ват сағатына . Егер жел бізде 12 -ден асып 15 ке баратын болса толық қуаты 2 МЕГА ВАЙТ болады.

Халық қалаулылары барған үшінші нысан-Жетібайда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй. Ауданда мың адам үй кезегінде тұр. Оның 737-сі Жетібай кентінде. Олардың 40-ы көп балалы отбасы. Жақында солардың 144-і қоныс тойын тойлайды.

Сүйіндік Алдашев - ҚР Парламент сенатының депутаты

Су мәселесі өзекті мәселелердің бірі сол. Одан басқа пандемя кезіндегі кәсіпкерлікті дамыту. Одан басқа халықты еңбекпен қамту. Бер жағындағы инфрақұрылым шешеіліп жатыр. Біз оған қуанышытымыз. Қаржы бөлініп, жолдар салынып жатыр. ОСындай күрделі бірнеше мәселе бар.

Депутаттар пандемияға байланысты жергілікті жұртпен кездесе алмады. Ал олардың көкейіндегі мәселені ауыл, аудан басшылары жеткізді. Сенаторлар сапары алдағы күндері Ақтауда жалғасады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...