ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Шаруаларды қолдау үшін үкімет резервінен 1,9 млрд теңге қаражат бөлінді

18:35, 14 қыркүйек 2021

Өңірде 600 ірі шаруақожалығы мен 6 мыңға жуық жеке үй қожалықтарына қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлімдеді. Сондай-ақ, қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қаржылай қолдау көрсету үшін үкімет резервінен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Үкімет резервінен бөлінген 1,9 млрд қаражаттың 57% игерілді. Яғни, 5900 жеке қосалқы үй шаруа қожалықтарына 745 млн. теңге берілсе, 575 шаруа қожалығына 395 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетілді. Осылайша мал азығының тапшылығын жою мақсатында өңірде бірқатар шаралар қолға алынған.  

Серік Қалдығұл - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Бүгінде облыста 630 мың төрт-түлік  бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың бас  аз. Қазір өңірде үй жануарларын бірдейлендіру бойынша 636 мыңнан астам мал тіркелген. Ал, жыл басынан бері 1163 мал өлігі акттеліп, биометриялық шұңғырларға көмілгенін облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев мәлімдеді.

Бердібек Марқабаев - облыстық ветеринария басқармасының басшысы

Сондай-ақ, өңірде орын алған қуаңшылыққа байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланбайды. Мамандар осылай деді. Айтуларынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялауға қажетті критерилер анықталмаған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...