ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Суға түсу маусымына дайындық

20:12, 4 мамыр 2021

Маңғыстауда маусым айында суға түсу басталады. Жылдағыдай қайғылы оқиғалар болмас үшін мамандар қазірден бастап тұрғындарға ескерту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы 5 жылда 59 адам суға батып кетті. Оның 12-сі бала. Теңізде опат болудың негізгі себебі, қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, дейді мамандар. Атап айтқанда тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйде түсу қауіпке алып келеді. Осыған байланысты мамандар облыс аумағында шомылуға арналған 38 жағалаудың бар екенін айтады. Ал суға түсуге тыйым салынған 6 учаске анықталды. Екеуі Ақтау аймағында болса, төртеуі Түпқараған ауданында. Айта кетейік, 1 шағын ауданда судан құтқару қызметінің құрылысы жүріп жатыр. Маусым айында аяқталады.

Мұрат Мұханов - облыстық ТЖД бастығы

Суға шомылу маусымына дайындық. Жалпы енді барлық қызметкерлер төтенше жағдайдар департаментінің дайын. Күшейтілгендей айтып кеткендей жылжымалы бекеттер қойылады. Одан бөлек халықтан, тұрғындардан, облыс қонақтарынан сұрайтынымыз өрт қауіпсіздігі ережелерін және суға шомылу ережелерін сақтауларын сұраймыз. Одан бөлек тыйым салынғанн жерлерге шомылмауларын сұраймыз.Неге десеңіз ол жерлерде құтқару станциясы жоқ. Екіншіден құтқару құралдарымен жабдықталмаған.

 Жалпы, облыста жыл басталғалы бері 85 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға көбейген. Тілсіз жаудан кедген шығын 4 млн теңгені құрап отыр. Ал газдан уланатындар саны 66 пайызға азайған.  

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар