ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Сұлу қыз сыйлық аламын десе...

21:17, 5 наурыз 2021

"Қыз-келіншектер не қалайды?" 8-наурыз мерекесі қарсаңында осы сұрақтың жауабы барлық азаматтарды алаңдататын мәселе. Арнамыздағы әріптестеріміз қала тұрғындарымен жүздесіп, тілдесті. Аймақтағы карантин талаптары көктемгі көңіл күйге қаншалықты кедергі?

Халықаралық әйелдер күніне санаулы күн қалды. Қазірдің өзінде қалада кептеліс басталды. Ал гүл сататын дүкендерде ұзын-сонар кезек. Осы орайда, қала тұрғындарымен тілдесіп, қалауын білдік. Екі жақтың пікірін тыңдадық.

- Өзіме қажетіме қолданатын зат подарит еткен жақсы көремін. Гүлді жақтырмаймын. Оны нәғыламын 3 күннен кейін солып қалады. Лучше маған посуда бергенін жақсы көремін.

- Анама гүл беремін. Әжеме де гүл беремін. Қарындасыма ойыншықтар сондай алып беермінғо.

- Мен жылда анама сыйлық береммін. Көбіне торт беремін. Себебі, өзім торт бергенді жақсы көремін. Сыйлықтың үлкен-кішісі жоқ деп ойлаймын. Мәселе көңілде. Бірақ, әрине сыйлық алған жақсы.

- Аналар күні, қыздар күні. Дастарханды жақсы тортпен әшекейлендіріп.

- Өзім махаббатымды беремін, қасында жүргенім. Енді, гүлмен шоколадқо.

- 8-наурызда гүл, шоколад көбінесе. Сол.

- Мне кажется самое главное внимания. Пусть это букет клубник с шоколадом. или машина, или шуба. У каждого разные вкусы. Комму то просто сходит в кино.

Ал көктемгі көңіл-күй есте қалу үшін сыйлық ерекше болу тиіс. Қыз-келіншектердің жалтыраған заттарды ұнататынын ескерсек, әшекей-бұйымдар қыз-келіншектерге ұнары сөзсіз. Ал қалтаңыз көтерсе,тіпті көлік сыйлауға да болады. Мұндай сыйлықты алған сүйіктіңіз ерекше сезімде болары сөзсіз.

Мереке күндері аймақта карантин талаптары күшейеді. Себебі, елімізде әлі күнге дейін коронавирус қауіпі бар. Көпшілік жиналатын болса, аурудың өршу қауіпі басым. Сондықтан, мереке қарсаңында санитарлық талаптарды сақтаған жөн. Айтпақшы...

Нұрлан Қуанышбай - тілші

Еліміздің бас дәрігерінің айтуынша наурыздың 7-9 аралығында коронавирус инфекциясының таралуы күшейеді. "Ковид-19" вирусы әшекей-бұйымдарға, ішіктер мен тондарда, және гүлдер арқылы жұғады. Демек, аурудан аман  болғыңыз келсе - жоғарыдағы заттарға жоламаңыздар. {СКЛ:} Әрине, бұл жалған ақпарат. Себебі, ресми өкілдер бұл хабарды жоққа шығарды. Ал көктем мерекесінде қыз-келіншектерге көңіл сыйлау үшін карантиндік шектерлер кедергі емес. Құрметті нәзік жандылар халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...