ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды

20:50, 18 маусым 2021

Мұнайлыда мемлекеттік қызметкерлерді басшыларға сыйлық жасауға үгіттеген шенеуніктің бейнежазбасы жария болды.

Мұны айтып отырған Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбек. Ол облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшыларының жеке қасиеттерін қарамағындағы қызметкерлермен талқылап, жақсы қарым-қатынаста болу үшін оларға сыйлық жасауға кеңес берген. Бейнежазба қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі басқарманың да басшысы бөлім басшысының үстінен құзырлы орындарға шағым түсірді. Олар видеоға түсіп қалған бөлім қызметкерлеріне де қатаң шара қолдануды талап етті.Ал шенеунік Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін қызметінен қуылды.

Бақтияр Қуанышбек - Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы 

Өзімнің басқарма бастықтарым, Жанна Жұмабаевнадан, Венера Тұрановнадан да кешірім сұраймын. Себебі, ешқандай арамызда сыйлық бойынша ешқандай келісімдер болған жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...