
Өткен тәулікте өңірде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы індет басталғалы 4202 маңғыстаулық қауіпті вирус жұқтырды. Оның 3897-сі сауығып шықты. Еліміз бойынша соңғы тәулікте 699 адам вирус жұқтырған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 208 117-ге жетті.