ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Тарихи жәдігерлер табылды

20:16, 14 қыркүйек 2021

Маңғыстаулық археолог Каспий теңізінен құнды жәдігерлер тапты. Андрей Астафьевтің болжамынша, бұйымдардың бірінің 100 жылдық, енді бірінің - 2 ғасырлық тарихы болуы мүмкін. Тарихи экспонаттар облыстық музей қорына тапсырылды.

Бұл Түпқараған ауданына қарасты «Түлкілі сай» жерінен табылған темір бұйымдар. Археологтың айтуынша, жәдігерлер ХVIII ғасырдың аяғында Каспий теңізінде апатқа ұшыраған кеме қалдықтары. Оның ағаш шантағын су шайып кеткенімен, бұрандалар мен шегелер теңіз түбінде шөгіп қала берген. Уақыт өте су деңгейі өзгеріп, құрлыққа шығып қалған. Дегенмен теңіз жағалауында көміліп жатқандықтан, археолог қазып алғанша байқалмаған. Бір қызығы Андрей Астафьев құнды жәдігерлерді арнайы іздемеген.

Андрей Астафьев - археолог
Біз жәдігерлерді тауып аламыз деп мүлде ойлаған жоқпыз. Жай ғана отбасымызбен демалысқа шықтық. Сөйтіп кездейсоқ жағалаудан темір бұйымдарды таптық. Кемеге қатысты заттар екенін бірден түсіндік. Суға батқан бұл кеме "Маңғышлақ" аталған деп есептейміз. Ал Қарақабақ шатқалында шағын үңгірді зерттеп, арқан, ағаш қалтқы сияқты дүниелерді таптық.

Музей қорына қосылған экспонаттардың бірі - кендір арқан, ілмектер мен ағаш қалтқылар. Археолог бұл бұйымдарды Қарақабақ қалашығына жүргізген археологиялық қазба жұмыстары кезінде тапқан. Бір ғасыр бұрын жасалса да, үңгір ішінде жатқандықтан жақсы сақталған.

Өткеннен сыр шертетін тарихи жәдігерлер енді музейде сақталады. Мұражайға келушілер оларды еш қиындықсыз тамашалай алады.   

Сұлтанбек Құдайберген - Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры

Біз оны сүйіншілеп, халыққа көрсетеміз тұрғындарға, келушілерге. Сырттан келетіні бар, өзіміздің ауылдың адамдары бар. Қазір қай бөлімге, қай экспозициялық залға қойсақ деп кеңесіп жатырмыз. Өзінің хронологиясына байланысты. Ол өзінің орнын табады. Және міндетті түрде жертөледе, қорда қалып қоймайды. Экспозицияда жарқырап тұрады деп шешіп отырмыз.

Андрей Астафьев - археологиялық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырмақ. Өйткені Каспий жағалауынан бұдан да бөлек құнды жәдігерлер табылуы мүмкін. Айта кетейік, музей қоры жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде 58 мыңға жуық жәдігер бар. Сондай-ақ облыс тұрғындары да көне әрі құнды заттарды мұражайға тапсыруы тиіс - дейді ұжым қызметкерлері. Себебі, тарихи жәдігерлерді өскелең ұрпақ көріп білуі қажет.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...