
Ақтауда "Tartyl Fest"спорт фестивалі өтті. Жарыс бұқаралық спортты дамытып, жастарды дене шынықтыруға баулу мақсатында ұйымдастырылды. Фестивалда 9 категория бойынша 500-ге жуық адам белтемірде тартылып, бақ сынады. Әсіресе Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен қала маңындағы ауыл тұрғындары белсенділік танытты.