ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Тәуелсіздікпен тел өскен дәрігер

20:50, 18 маусым 2021

Еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгендер қазір еліміздің даму жолында әр салада қызмет етіп жүр. Олардың арасында бүгінгі мереке иелері - медицина саласының қызметкерлері де бар. Тәуелсіздікпен тел өскен дәрігер туралы толығырақ келесі бейне материалда.

Дәрігер - құрметті мамандық. Күн сайын емделушілердің өмірі үшін арпалысып, араша түсіп жүрген абзал жандар баршылық. Солардың бірі , тәуелсіздіктің құрдасы Мақсат Челеев. Медицина саласында 5 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын  2016 жылы жалпы тәжірибелі дәрігер  қызметінен бастады. Былтыр әлемді қауіпті індет жайлап, жұрттан дегбір қашқан уақытта науқастарды емдеу үшін алғашқылардың бірі болып қауіпті аймаққа аттанды.

Мақсат Челеев - емдеу ісі жөніндегіі директордың орынбасары

Барғаннан сол пандемиямен жау-жағалас, қиындықты басымыздан өткіздік. Сол уақытта, сол сәттерде үлкен практика алғаным бар өзіме.  + Тәуелсіздігімізді алдық. "50 жылда ел жаңа" дейді. 30 жылда көптеген прогрестерден өтіп, қазіргі кезде тәуелсіздігіміздің арқасында мен өзімді осындай дәрежеге жеттім деп ойлаймын. Себебі, барлық жағдай жасалған дәрігерлерге.

Осылайша өз өмірін қауіпке тігіп, науқастарды аман алып қалуы үшін барын салды. Айтуынша ең үлкен абырой - халыққа қызмет ету. Бүгінде қаладағы көпсалалы емханының бірінде еңбек етіп жүр. Қызығы мен шыжығы мол мамандығына деген адалдығы мен жауапкершілігі ақ халаттыны біраз жетістікке жетеледі. Жаста болса бас болып, әріптестеріне білген түйгенін айтудан жалықпайды.

Сағира Қанатова - әріптесі

Өзінің жасына қарамастан жас маман болса да бізге үлкен үлгі көрсетіп, жол бастап, барлық білгенін айтып, өзінің мамандығында білікті маман болып отыр. + Қандай жұмыс болмасын барлығына жауапкершілікпен қарайды. Бізден де соны талап етеді барлық істің орындалуын.

Кәсібилік. Жауапкершілік. Тиянақтылық. Бұл Мақсат Челеевтың те қызметтегі емес өмірдегі де ұстанымы. Осылар ұштасқанда ғана қолға алған жұмыстың барлығы  жемісті болмады дейді ақ халатты абзал жан.

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...