ШҰҒЫЛ! Жұмысшылар жалақыларын талап етіп жатыр Толығырақ

Тілге құрмет - елге құрмет

20:33, 23 ақпан 2021

Облыстағы Достық үйінің қызметкерлері өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін үйретеді. Бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған. Бұл туралы мемлекет басшысының "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында жазылған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақ және өзге этнос өкілдерінің үлесі артқанын, тілді меңгергісі келетіндер үшін ниет маңызды екенін баса айтты. Сондай-ақ, ана тілімізді кеңінен қолдану - басқа тілдерге шектеу қоймайтынын да атап өткен болатын. Осыған орай Ассамблея қызметкерлері күн сайын өзге ұлт өкілдерімен әлеуметтік желі немесе қоңырау шалып қазақша сөйлеседі. Осы арқылы жиырма этномәдени бірлестік басшылары қазақ тіліндегі күнделікті қолданыстағы сөздерді меңгереді. Айта кетейік, өлкемізде 60-тан аса өзге ұлт өкілдері тұрады. Оның ішнде 20 этномәдени бірлестік Ассамблея мүшесі.

Амангүл Жайылханова - "Қоғамдық келісім" КММ басшысы

Жиырма этно-мәдени бірлестіктің басшыларының бәрі де егде жастағы кісілер. Мемлекеттік тілді әріппен жазып үйрену оларға қиын болып жүр. Этномәдени бірлестіктің басшыларын біздің қоғамдық келісім мекемесіндегі 20 қызметкер өзіне бөліп алды. Және олармен жеке-жеке жұмыс жасайды. Өзіміздің күнделікті қолданыстағы сөздерді үйрету арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз деп ойлаймын.

 

Тақырып бойынша материалдар

Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып отыр
20:48, 3 наурыз 2021
Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып о...
Толығырақ...
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
20:37, 3 наурыз 2021
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...