ШҰҒЫЛ! Семіз айтып, арық шықты Толығырақ

Той тоқтамай тұр

19:27, 18 қаңтар 2021

Мұнайлыда той өтіп жатқан екі бірдей мейрамхана рейдпен барған полиция қызметкерлерін кіргізбеді. Кіргізбеу былай тұрсын, тәртіп сақшыларын көзге де ілмей, тойды әрі қарай жалғастыра берді. Полицейлермен бірге шектеулерді бұзған нысандарға облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары да барған еді. Толығырақ тілшіміз Айнұр Маратқызы баяндайды.

Бұл - "Атамекен" ауылында орналасқан "Әсем-ай" тойханасы. Мейрамхананың алдыңғы есігі тарс жабық. Бір қарағанда, той болып жатыр деп ойламайсыз. Сөйтсек, қонақтар артқы жақтағы қақпадан кіретін болып шықты. Мінеки, бірнеше көлік тізіліп тұр. Күзетші де осында екен. Ол телеарна операторын көрген бойда ашуға булығып, камераға жармасты.

- Қойшиш братан.

- Жабыспа камераға

- Сотталып кетесің..

- П...й маған.

Сырттағы айқай-шуды естіген  мейрамхана қызметкерлері болса, жалмажан залға өтетін есікті іштен тарс жауып алды.

- Есікті ашыңыз

Сол сәтте мейрамхананың әкімшісі де келді. Өзін Салтанат деп таныстырған ол, той өткізіп жатқанын жасырмады. "Карантин деп қол қусырып отыра берсек, қалай күн көреміз? Сондықтан, жасырып той жасауға мәжбүрміз", - деді. Әрі бұл той өткізіп жатқан жалғыз мейрамхана еместігін де тілге тиек етті.

- Той болып тұр ғой... Біз көріп тұрмыз ғой.

- Той бола берсін. Есік ашылмайды. Түсініп тұрмын. Тек менде емес той болып жатқан. Камераңызды шошаңдатып түсіре бермеңіз. Камера бәрімізде де бар. Біз қазақпыз. Қазақтың балдарымыз. Хорошо, Серғазы түсініп тұрмын. Мен той жасап жатқаныма кінәлі шығармын. Бұл жерде бірақ адам өліп жатқан жоқ.

Тәртіп сақшылары қауіптің мән-маңызын айтып, ескерту беріп кетті. Салтанат айтса айтқандай-ақ екен, жақын маңдағы "Тайқазан" мейрамханасында да той. Қаз-қатар тізілген көлік, қонақтар ағылып жатыр. Бірақ бұл жолы түсінік беруге шыққан әкімші де болмады. Бұл - тек екі мейрамханадағы көрініс. Ал ауданда мейрамханалар саны 50-ге жуық. Сонда аптасына қанша той өтіп жатыр өзіңіз бағамдай беріңіз. Осыған қарап, Мұнайлы ауданының әкімі де, құқық қорғау органдары да жұмыстарына салғырт қарап отырғандай ой қалдырады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
20:54, 19 ақпан 2021
Адам өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды
Толығырақ...